"Қорғаушылардың дәрменсіздігі байқалды": Димаш Құдайбергеннің қауіпсіздік мәселесі талқыға түсті
Фото: Видеодан скриншот
Белгілі журналист Ержан Төлек Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы ән сапарына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ өкілі халық әртісінің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді.
"Димашты қорғау керек! Мына видеоны көріп қатты алаңдап қалдым. Димаш Жаһанға қазақтың рухын, тілі мен өнерін танытып, мойындатып жүр! Қазақстанның имиджін қалыптастырып, көптеген елдерде ұлттың төлқұжатына айналды. Димаш бүгінде әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Сондықтан жанкүейерлерінің көп болары сөзсіз. Мына жерде қорғаушылар әлсіз көрінді. Олардың тасқындай толқыған жанкүйерлер алдындағы дәрменсіздігі байқалады”, – деп жазды журналист.
Одан кейін медиа маманы өнер иесінің қауіпсіздігін мемлекет деңгейінде көтеру керегін айтты.
“Димаштың әлемде миллиондаған жанкүйері бар. Әрбір қазақ тақым қысып отыр. Меніңше, Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек. Ұлттың жауһарын көздің қарашығындай сақтау қажет!", – деп жазды ол.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған жалғызбасты ана қаза тапты