Қорғаныс вице-министрі Қазақстанда әскерге бармай, әскери билет алудың заңды жолы туралы айтты

Қорғаныс вице-министрі Серік Бұрамбаев Қазақстанда әскерге бармай, әскери билет алудың заңды жолдары бар ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министр Қазақстанда әзірге “баламалы әскери қызмет” ұғымы жоқ екенін атап өтті.
“Бірақ бізде 24 жасқа толғаннан кейін, белгілі бір себептермен немесе денсаулық жағдайына байланысты ресми түрде ақша төлеп, 40 күндік курстардан өтіп, әскери билет алу мүмкіндігі бар. Қазір, есімде жоқ, бағасы шамамен 240 мың теңге немесе 300 мың теңге”, – деді Серік Бұрамбаев.
eGov порталында жарияланған ақпаратта, Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінде әскери оқыту резервінің бағдарламалары бойынша оқу курсынан өту ақысы – 390 000 теңге екені көрсетілген.
Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді (видео)
Вице-министрдің айтуынша, бұл үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, өтінішті онлайн, яғни “цифрлық әскери комиссариат” арқылы беруге болады.
“Талаптар: жасы 24 жастан жоғары. Екіншісі – белгілі бір шектеулердің болуы. Мысалы, сіз: "Маған әскери билет керек, қызмет ету керек" деп айтасыз. Барлығы кезек тәртібімен ашық, кезекке тұрады, төлем жасайды және кезегі келгенде курстардан өтеді”, – деді вице-министр.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы тұрғындары әскерге шақыру жасына жеткен жігіттерді көшеде жүрген жерінен әскери комиссариатқа алып кетіп жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”