Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі міндетті әскери қызметтің күшін жою туралы ұсынысқа жауап берді

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Қазақстанда әскери қызметтің күшін жою туралы петицияға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Жазықбаевтың айтуынша, келісім-шарт бойынша әскери қызметте ұстау ел бюджетіне зиянын тигізеді.

"Біріншіден, қарулы күштер мерзімді әскери қызмет арқылы азаматтарды базалық дайындықтан өткізіп, қайтадан запасқа шығарып отырады. Ел тәуелсіздігіне қауіп төнсе, кім қарсы шығады? Екіншіден, әрине келісімшарттық армия жақсы, бірақ ол елдің бюджетіне зиянын тигізеді", – деді Жазықбаев.



Жазықбаевтың сөзінше, мерзімді әскери қызметке келіп жатқандардың бәрін әлсіз деуге келмейді. 

"Барлығына топырақ шаша алмаймыз. Қазіргі балалардың өмір салты бәрімізге белгілі. Смартфон мен гаджетке байланған. Балалардың әскерге дейінгі физикалық дайындығы мұқият қарауды талап етеді", – деді Жазықбаев. 

Қорғаныс министрінің орынбасарын Мәжіліс депутаты Константин Авершин қолдады.

"Әскери қызметтің басты міндеті – қаруды қолдануды және казармалық жағдайда өмір сүруді үйрету екенін ұмытпау керек. Бізде бар болғаны 20 миллион адам бар. Ал еліміз өте бай әрі үлкен. Сондықтан мүмкіндігіншеір адам өз Отанын қолына қару алып қорғауы керек. Екінші мәселе: толық кәсіби армияны ұстауға қазір бюджет жеткіліксіз", – деді депутат. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Қазақстанда міндетті әскери қызметті жою туралы петиция пайда болған еді. Ол әскери қызметкерлердің қазасына қатысты қайғылы оқиғалар аясында жасалып, Қорғаныс министрлігіне жолданған. 

Петиция авторларының сөзінше, әскерде болып жатқан қайғылы оқиғалар қазіргі әскери қызмет жүйесіндегі елеулі олқылықтарды көрсететінін айтқан. 

Талқылау