2030 жылы соғыс болады: Қорғаныс министрлігі депутаттың болжамына қатысты пікір білдірді
Қорғаныс министрлігінің өкілі депутат Ермұрат Бапидың 2030 жылы соғыс болуы мүмкін екенін айтып, ел қорғанысына бөлінетін бюджетті сынаған пікіріне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.com
Депутат Ермұрат Бапи 2030 жылы соғыс болуы мүмкін екенін айтқан.
Қорғаныс министрлігінің өкілі Руслан Жангулин қорғанысқа бөлінетін бюджет еліміздің жалпы ішкі өнімінің 1%-ына тең екенін атап өтті.
"Яғни, мемлекеттен бөлінген қаражат қарулы күштерімізді қамтамасыз етуге тиіс мақсаттар мен қажеттіліктерге бағытталған. Ал депутаттың пікіріне келсек, қарулы күштер үнемі жауынгерлік дайындық үстінде деп айта аламын. Біз әлемде болып жатқан жағдайды үнемі саралап отырамыз", – деді министрлік өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ұлттық экономика министрлігінің еліміздің қорғаныс саласын дамытуға болмашы қаржыны жоспарлағанын сынға алған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді