Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ:Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін барады

Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтары көбейген. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Фото: Korean Club

Мадиевтің айтуынша, екі ел арасында визасыз режим енгізілгеннен кейін, Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар саны едәуір өскен.

“Мысалы, осы жылдың ортасында Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көшіп барғандар саны 5 500 адамды құраса, жыл соңына қарай аталған көрсеткіш 6 500-ден асқан. Яғни, қазір Кореяда заңсыз еңбек мигранттарының саны күрт көбейді”, — деді Мадиев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргеннен кейін түрлі қылмысқа барады. Тіпті адам өлтіруден тайынбайды.

“Олар адам өлтіруден бастап зорлық-зомбылық, өрт қою мен ұрлыққа дейін барады. Араларында қаңғыбас болып кеткендер де бар. Кореяның ақпараты бойынша қазір “қара” риэлторлар тобы  жұмыс істейді. Олар қазақстандықтарды жинап, Кореяға заңсыз жұмысқа жіберіп отырады. Ондай адамдар қара жұмыс істеп, жантүршігерлік жағдайда өмір сүреді. Олардың еңбек құқықтары қорғалмаған, келісімшарт та, медициналық сақтандыру да болмайды”, — деді Мадиев ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры.

Тағы оқыңыз:

15 жасар жасөспірім қызық үшін 11 көлік ұрлап, жанармайы біткенде жол бойына тастап кеткен

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан әйел мен 4 жасар қызды көлік қағып кетті

 

Талқылау