Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Корей қызы қазақ тілін 3 ай ішінде үйреніп алған

Оңтүстік Корея елінен келген корей қызы Ынжу Ку  қазіргі уақытта Кембридж университетініде оқып жатыр. Ол «Symbolic and economic value of Kazakh language» тақырыбында доторлық диссертация қорғауда.

74e317944bfb35c9a17883c9b4061f31

Корей университеттерінде қазақ тілі маманын даярлайтын мамандықтар бар. Алайда, Ынжуге өз елінде қазақ тілін үйрену қиындық тудырған. Ол  Қазақстанға келгенде үш ай ішінде тіл үйреніп алғанын айтады, деп жазады Men qazaqpyn сайтында.

«Мен қазақ тілін үйренбейінше қазақтарды түсінбейтінімді білдім. Қазақ тілі әдемі ғана емес, бай тіл. Әлемдегі ешбір тілде бір ұғымғы қатысты бірнеше сөз жоқ шығар», – дейді Ынжу.

Шетелдік қыз қазақ тілін үйрене жүріп, өмірлік сабақтар алғанын да тамсанып отырып айтып берді.

«Мен ағылшын тілін үйренгенде, тек тілді ғана біліп шықтым. Ал, қазақ тілін үйренгенде өмірлік философияны танып білдім. Қазақтар мен корейлер үлкенге құрмет көрсетуге үйретеді. Мәселен, «жолды кеспеу» деген сөздің мағынасы үлкендердің алдынан өтуге болмайтынын, үлкенді сыйлау керек екенін білдіреді. «Тұсау кесу» салты біздің елде де бар. Сол жағынан екі елдің танымдары ұқсас келеді», – дейді ол.

«Кореяда жүргенде қазақ тілін үйрену қиынға соқты. Ол жақта сөйлесетін ешкім жоқ. Ал, Қазақстанда үш ай тіл үйренген соң сөйлей бастадым. Ал, жарты жыл ішінде еркін сөйлейтін болдым, – дейді Ынжу.

Бойжеткен қазақтың тіліне ғана емес, мәдениетіне, адамдарына қайран қалғанын  жеткізді.

«Қазақстанда менің шетелдік екенімді біліп көмектескен адамдар көп болды. Мәселен, таксистер менің шетелдік екенімді білген соң қонақ екенімді айтып жол ақысын алмай қоятын. Ал, Шымкент қаласының тұрғындары менің қазақ тілін білуге ұмтылып жүргенімді білген соң ерекше ықылас танытып, көмек көрсетті. Болашақта осы елде қалып жұмыс істесем, зерттеулерімді жалғастырсам деген ойдамын», – дейді Інжу.

Жіберіп алмаңыз: 

Үнді әйелі бала туғаннан кейін екі есе кішірейіп қалған (фото)

Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен қызғаныштың кесірінен ажырасқанын айтты

Жанкешті үйлену тойында өзін-өзі жарып жіберді

Оразаның пайдасын дәлелдеген токиолық ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)

Талқылау