Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорды аша алмай жатқаныма өкінемін": Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы туған күнінде халыққа үндеу жасады

Азаматтық некедегі күйеуінен соққы көріп, көз жұмған марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жаңа жасын қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aitym/

Туған күн иесі 37 жасқа толды. Экс-сенатор Дана Нұржігіт бірінші болып құттықтады. 

“Бүгін Айтым бауырымыздың туған күні екен. Шаңырақтың қорғаны болған нағыз азаматтың өмір жасы ұзақ болсын, қарындасы Салтанаттың аруағы қолдасын! Айтым, сіз әйелдің нәзік әлемін қорғаған нағыз ерсіз!", – деп тілек білдірді журналист. 



Одан кейін Айтбек те жеке парақшасында жазба жариялап, қарындасын есіне алды. 

“Дәл қазір ортақ іспен айналысып жатырмыз. Биыл туған күнімді тойламаймын. Қордың ашылуы мен үшін, ең бастысы Салта үшін ең жақсы туған күн болмақ.  Осы жылы сенің қоңырау шалмайтыныңды және сенің күлкіңді естімейтінімді түсіну – өте қиын. Мен әлі де сенің қоңырау шалуыңды күтемін. Одан кейін әлі қорды аша алмай жатқаныма өкінемін, бірақ мен оны міндетті түрде ашамын, уәде беремін", – деп жазды туған күн иесі. 

Айта кетейік, "Ирина Қайратовна" тобы Салтанат Нүкенова өлтірілген мейрамханада ән айтып, халыққа жақпай қалғанын жазған едік. 

Талқылау