Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көптен бері тұрмыстамын": Альмира Тұрсын екінші сәбиіне жүкті екенін хабарлады

Фото: Unsplash.comФото: Unsplash.com

"Томирис" фильмінен кейін танымал болған актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желіде екінші рет ана атануға дайындалып жүргенін хабарлап, ішін көрсеткен суреттерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Альмира Тұрсын желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. 

"12 жылдан кейін қайтадан ана атануға дайындалып жүрмін! Бұл мен үшін шексіз қуаныш пен үлкен бақыт. Осы керемет сыйы үшін Жаратқан иеме шексіз мадақ пен алғыс! Көпшіліктің қызығушылығын сезіп, бірден айтайын.  Көптен бері тұрмыстамын, үлкен отбасымыз бар.  Күйеуімнің, менің және біздің балаларымызбен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз! Ал қалғанын егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын. Себебі жеке өмірімді қадірлеймін және "бақыт – тыныштықты сүйеді" дегенге сенемін", – деп жазды актриса.


"Аяқ-қолын кісендеген жоқпын": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұраққа жауап берді


Түркістан облысында 38 жастағы келіншек бес ұлдан кейін үшемді дүниеге әкелді


Еске салайық, бұған дейін Айжан Байзақова Мальдивтен кейін жүкті екенін біліп, үшінші баласын күтетінін айтты. Алғашқы айлары қиын өтіп, ауруханада жатып, жоспарларын кейінге қалдырған.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Қазан, 2025 12:05
Талқылау