Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік “Валентин” күнімен құттықтаған Салтанат Бақаеваға ұрсып тастады (фото)

Актриса әрі әнші Салтанат Бақаева жұртты “әулие Валентин” күнімен құттықтаймын деп қатаң сынға ұшырады.

Бакаева С_140217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ол 14 ақпан қарсаңында күйеуінен алған сыйлығын көрсетіп мақтанды. Одан кейін халықты Валентин күнімен құттықтады.

“Сүйіктіңнен осындай кереметтей сыйлықтар алған қандай жағымды. Достар, ал сіздер ғашықтар күніне орай екінші жартыларыңызға не сыйлайсыздар? Барлықтарыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын”, – деп жазады Бақаева.

Бакаева_1-140217

Бұл ретте желі оқырмандарының басым бөлігі бұл мейрамның қазақ жұртшылығына да, мұсылман қауымына да тән емес екенін айтып, оны насихаттағаны үшін Бақаеваға ұрсып тастады.

“Алда келеді қазақтың мейрамы, соған дайындалсын сыйлық жасаушылар”, “Неге валентин мейрамын тойлайсыздар? Мұсылмандарға жат мейрам ғой. Сіз осы мейрам тарихын оқып көріңізші, не үшін тойланатынын. Сіздер халықтың алдында жүрген адамсыздар, әр адамның өз ойы бар, дегенмен жастар сіздерге қарап еліктейді”, “Тойлайтын мереке емес мұсылмандарға, естеріңді жиыңдар”, “Салтанат өзің қазақтың актрисасың, неге Валентинді тойлайсың?” – дейді олар.

Бұл ретте Бақаеваның өзі желі оқырмандарының сан түрлі жағымсыз пікіріне ренжіп қалды. Актриса Валентинге сенбейтінін, тек бұл күннің достармен кездесуге жақсы себеп болатынын жеткізді.

“Әр нәрсенің жақсы жағын алып, қалғанын сырып тастау керек деп есептеймін! Мен Валинтин дегенге сенбеймін, дегенмен достарыңмен кездескенде жақсы себеп! Менің парақшам ұнамаса өтінем шығып кетіңіздерші, менің көңілімді мазаламай! Сіздердің әр жазған сөздеріңіз көңіліме тиеді, өйткені адам болғандықтан сіздердің жағымсыз сөздеріңізге мән бермеу мүмкін емес!” – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Луина Қайрат Нұртасты басып озды (видео)

Ұлықпан Жолдасов Димашқа мәтіні ағылшынша ән жазып берді

Мақпал Жүнісова екі келініне екі көлік сыйлады

Айгүл Иманбаева жеке өмірінің құпиясын ашты (фото)

Талқылау