Көпшілік Роза Рымбаеваның кіші ұлын Ninety one әншісімен шатастырып алды (фото)
Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди Рымбаев имиджін өзгертіп, көпшілікті таңғалдыруда. Қазақстанның Примадоннасының ұлы шашын сары түске бояған. Дәл осы себепті көпшілік оны Ninety one тобының әншісі Alem-мен (Батырхан Мәліков) шатастырып алған, деп хабарлайды Stan.kz.
Суретте: сол жақтағы – Мәди Рымбаев, оң жақтағы – Alem
2016 жылдың жаз айында Қазақстан шоу-бизнесіне жаңа есім қосылды. Ол – Қазақстанның халық әртісі, елдің сүйікті әншісі Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди Рымбаев.
Бүгінде Мәди Рымбаевтың қоржынында бірнеше авторлық ән бар.
Небәрі 17 жастағы Мәди анасы мен ағасының қарсы болғанына қарамастан, өздігінен өнер әлеміне бет бұрған. Өзі ән жазып, өзі өңдеп халыққа ұсынған ол жанкүйерлерін тауып та үлгерген.
Алғашқыда талантымен таңғалдырған Мәди енді образын өзгертіп сынға ұшырады. Көпшілік мұндай қылық Роза Рымбаеваның ұлына жараспайтынын айтып жатты.
Бұдан бөлек, желі оқырмандарының көпшілігі Мәдиді атышулы Ninety one тобының әншісімен шатастырып алды.
Мәди Рымбаев
Ninety one тобының әншісі – Alem
Мәди Рымбаев
Ninety one тобының әншісі – Alem
Жіберіп алмаңыз:
Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап келді (видео)
Тыңдарманы Бүркіт пен Айшаның ұлының анасынан аумайтынын байқап қалды (фото)
Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)
Әйкерім Қалаубаева қызына дәл өзінікіндей он түрлі көйлек кигізді (фото)