Көпей отбасы жиналған ақшаға есеп беруден бас тартты. Бұның неге дұрыс емес екенін Аружан Саин қорының өкілі түсіндірді
Қазақстандықтарды Көпей отбасының оқиғасы біріктіріп, қатерлі ісікке шалдыққан 1,5 жасар Алимаға ақшаны тіпті барлығы жинады. Қыздың ата-анасының айтуынша, ақша жинауды бастай салысымен бір күннің ішінде карталарына 14 миллион теңге түскен. Алайда жиналған ақшаға және оның жұмсалғанына қатысты ақпарат беруден олар аяқ астынан бас тартты.
«Жиналған ақша көлемін айтпаймыз. Дебет пен кредиттің де есебін бермейміз. Мұны «жақсылардың» қысымымен жасап, соңында бәрібір жаман атты атанған аналардың тәжірибесінде айтып отырмын», – деп жазған еді Алиманың анасы Айжан өзінің Инстаграм парақшасында.
Біреулер оларды жайына қалдырып, балаларының денсаулығымен айналысқанға мұрша беруді сұрауда. Ал басқалары болса, жиналған ақшаның саны және жұмсалған қаражат бойынша есеп беру ашық түрде болу керек және бұл қайырымдылықтың дүниежүзілік тәжірибесі дейді.
Осы тақырып төңірегінде Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі еліміздегі ауру балаларға көмек берумен айналысатын ең танымал қор – Аружан Саинның «Еркін мейірімдік қоғамы» қорының өкілімен сөйлесті.
Басты сұрағымыз қайырымдылық жолымен өздіктерінен ақша жинаған науқас балалардың ата-аналары түскен қаражат бойынша және олардың жұмсалуы бойынша есеп беруі тиіс пе? Және осы сұрақ біздің қоғамда заңнама түрінде немесе басқа түрде қадағаланады ма?
Сауалымызға жауап қатқан «Еркін мейірімдік қоғамы» қоғамдық қорының директорының міндетін атқарушысы Татьяна Семенованың айтуынша, қайырымдылық шарасы барысында жиналған ақшаға есеп беруге міндетті деп айту үшін, ол ереженің барлығы заңда жазылу керек. Бірақ заңда да әр ерекшелік жазыла бермейді.
«Сондықтан ата-аналарға жиналған қаражаттың есебін жариялау міндетті деп бекіте алмаймыз. Бұл заңда жазылмағандықтан, тіпті жиналған қаражат артық болса да есепті талап етпейміз», – дейді Татьяна.
Төменде қор өкілінің осы сұрақ төңірегіндегі толық пікірін ұсынамыз.
«Екінші жағынан қарайтын болсақ, қайырымдылық көрсеткен белгілі адам өзінің берген ақшасына есеп беруді сұраған жағдайда азаматтық құқықтық қатынастар пайда болады. Негізі, қайырымдылық шарасының тиімділігі адамдардың бір-біріне деген сенімділіктен орнатылады. Сондықтан, көп жағдайларда жақсы нәтижеге жетіп жатқандардың қатарында сол жиналған қаражаттың жұмсалғандығын барынша ашық жариялайтын адамдар.
Ал егер нақты біздің қорды алатын болсақ, біз келісімшарт бойынша науқастың операциясын толықтай төлеп береміз. Бірақ ата-аналарға ұшақ билеттері, басқа жол жүрістеріне, тамағы сынды шығындарына қайырымдылық жолымен өздеріне ақша жинауға тура келеді. Мұндай жағдайда біз олармен жиналған ақшаның көлемін ашық айтып, аталған көлемнен артық болған жағдайда, ол ақшаны біздің қорға өткізуі туралы келісімге келеміз. Сонда біз сол науқас балаға бөлінетін ақшаны қысқартып, басқа да балаларға жәрдемдесуге тырысамыз. Бұл қордағы ақшаны барынша тиімді қолданып, көмектескен балалар саны көбірек болуына әсер етеді.
Алима Копейдің жағдайына келсек, біріншіден, қыздың апасы бізден көмек сұраған кездегі жағдай бойынша мемлекеттік квотаға өтініші жолдауға, екіншіден, біздің қор көмек алуға болатын еді. Біз өз тарапымыздан, Алиманың ауруына қатысты барлық құжаттарды сұрадық, алайда ешқандай құжат бізге көрсетілмеді.
Сол кезеңнен бері бізге Алиманың мәселесі бойынша тамыз айының ортасында еріктілерден өтініш түсті. Олардың басты мақсаты қоғамның назарын Алиманың ата-анасының әрекетіне аудару болды. Еріктілердің айтуынша, ақша жинау барысы әлі күнге дейін тоқтатылған жоқ, алайда қаражаттың жұмсалуына байланысты есеп берілмейді, тіпті керекті ақшаның көлемі де аталмайды. Айтылған кезде де нақты аурухадан алған шот, медициналық талдаулар бойынша да ешқандай құжаттар көрсетілмеген.
Қорытындылай келе, бұндай мәселеде басында айтқандай белгілі адам өзі берген ақша бойынша есеп талап ете алады. Есеп берілмеген жағдайда, құқық қорғау органдарына өтініш білдіруге болады. Осы туындаған сұрақтар қайырымдылық идеясына деген сенімсіздікке әкеліп соғады. Сондықтан, науқас балалардың ата-аналарының жиналған қаражат бойынша есеп берулері абзал деп ойлаймыз. Өйткені, бір адамдардың әрекетінен басқа науқас балалар азап шегуі мүмкін», – дейді Татьяна Семенова.
Осы уақытқа дейін Көпей отбасылары жиналған қаражат бойынша есепті бір рет ғана ақша жинау басталғаннан кейін жеті күннен соң 20 мамыр күні жариялаған. Онда көрсетілген мәліметке сенсек, алаяқтардан сақтану мақсатында барлық шоттағы жиналған ақша бір картаға аударылды және ол 27 миллион теңгені (9895 доллар, 144 545 рубль және сомға шаққанда 75 704) құрады. Бұдан кейін ешқандай есеп туралы мәлімет болмады.
Өскемен қаласында өткен «Алимаға көмек берейік» қайырымдылық шарасының ұйымдастырушылары жәрмеңке өткізіп, науқас қызға бес жүз мың теңге көлемінде ақша аударған.
Осы шараның ұйымдастырушыларының бірі Құралай Байрахметтің айтуынша, қайырымдылық жасағаннан кейін берген ақшаңды бұлдап қайтар деген дұрыс емес.
«Соңғы кездері Алиманың ата-анасына қарсы жағымсыз пікірлер көп айтылып, жазылып жатқандықтан, мен ол парақшаға кірмейтін де болдым. Ал өз басым, берген ақшамызды қайтадан сұрап немесе оларды қайтар деп айтуга қарсымын. Және біз осылай қайырымдылықты алғаш рет Алиманы естігеннен бастадық, осы күнде Айсулу (aisuly_help) деген қызға көмек беруді шештік. Әркімге көмек беру кезінде біз алдымен ауру тарихымен танысып, мүмкіндігінше біздің көмегімізге мұқтаж жандарға қол үшін созамыз», – дейді Құралай.
Қайырымдылық жолымен науқас жандарға қалай көмек көрсету немесе қанша көлемде ақша беру әрине, әркімнің өз еркінде. Дегенмен, жоғарыда қоғамдық қордың өкілі айтып өткендей, бұл сұрақ басқа да науқас, қоғамның көмегіне зәру болып отырған балалардың тағдырын шешудегі басты фактор болып табылса, барлық балаларға бірдей көмек көрсетуге тырысқан дұрыс шығар.
Осы тұста қайырымдылықпен айналысатын еріктілердің және басқа да жанашыр жандардың өтініші бойынша қайырымдылық қорына ақша жинау туралы заңды қабылдап, бұл саланы ретке келтіру керек деген мақсатта петиция жарияланған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.