Көпбалалы ана күйеуінің өлімінен кейін балаларынан тірідей айырылып қалды
Астаналық Баян Короткова күйеуінің өлімінен кейін қиын жағдайда қалды. Оның балаларының біразын қамқорлық органдары алып кеткен. Қазір әйел екі баалсымен бірге саяжайда тұрып жатыр.
ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Күйеуі қайтыс болған соң алты баласымен қалған. Кейін қамқорлық органдары келіп 4 баласын алып кетіпті. Қазір қасында екі кішкентайы бар.
“Менен бұл балаларды да алып қоюы мүмкін, себебі менде жағдай жоқ. Ал мен балаларымды беруді қаламаймын”, – дейді ол.
Баян бұрын балалар үйінде тәрбиеленген. Жағдайы оңалмаған әйел балаларым басқа үйде өсетін болды деп алаңдайды.
“Екінші сыныпта мені тәрбиешілер зорлаған. Біздің аяғымызды күйдіріп, саусақтарымызды майыстырып, пышақпен кесетін”, – дейді Баян.
Балалар үйінен кете салысымен ол күйеуге шығады. Бірақ, көшіп жүріп құжаттарын жоғалтып алыпты. Сол себепті баспана да ала алмаған. Қазір саяжайда күн кешіп жатыр. Ай сайын кіші баласына деп берілетін 15 мың теңгемен күн көруге мәжбүр. Оның үстіне баспананың жалға берген ақысын төлеу керек. Отбасының қазіргі талғажау етіп отырғаны – нан мен шай ғана. Әйел қайырымды жандардан құжаттарын қалпына келтіріп беруді сұрайды. Сол кезде барып ол үй кезегіне тұрып, жұмыс таба алады.
Оқи отырыңыз:
Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер елге оралды
Түргенде 8 жасар қызды зорламақ болған қылмыскерге сот үкімі шықты
Гиннестің рекордтар кітабына енген алып асық қаңсып далада жатыр (фото)