"Көпбалалы әкеге қандай жеңілдіктер бар": Айқын мен Жұлдыз бесінші баласын күтіп жүр
Фото: Instagram.com/aikyn/
Жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалиева сәби күтіп жүргенін жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Жаратқанның ерекше сыйы. Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, сіздерге де жұғысты болсын. Айтпақшы,мемлекеттен көпбалалы әкеге қандай жеңілдіктер бар? Қоғамдық көлікке тегін міну, жәрдемақы дегендей”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылар Жұлдыздың тек екі баланың анасы екенін айтып, әншінің ешқандай жеңілдіктерге лайық емес екенін айтты.
“Ол екі баланың анасы бар емес пе? Әр жерде ұрпақ шашып жүргендерге жеңілдік жоқ”, “Көпбалалы әкеге түк те жоқ. Тіпті 40 теңгелік жол жүру ақысына лайық емессің”, “5 бала 1 әйелден болса көп қой жеңілдік”, “Әр әйелден бала таптырған еркекке ешқандай жеңілдік жоқ”, – деп жазды желі қолданушылары.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
