Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонысбек Төкенов грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Қонысбек Төкенов ресми түрде тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тиісті бұйрыққа Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қол қойды.

Осы тағайындауға дейін Төкенов елдің жастар құрамасын жаттықтырып, бірқатар ірі жетістіктерге қол жеткізді. Оның басшылығымен U-20 құрамасы 2024 жылы Испанияның Понтеведра қаласында өткен әлем чемпионатында екінші орын алып, бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Бұл тағайындау ересектер құрамасының бапкерлер құрамын жаңарту аясында жүзеге асырылды. Төкенов бұл қызметте 2023 жылдың тамыз айынан бері ұлттық құраманы басқарған Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченконың орнын басты.

Енді Қонысбек Төкеновтің алдында елдегі грек-рим күресін одан әрі дамыту және ұлттық құраманы халықаралық додаларға, соның ішінде Олимпиада ойындарына дайындау міндеті тұр.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 14:34
Талқылау