59 жастағы алматылық бизнесмен италиялық “бишіге” сәтті пародия жасады (видео)
Италиялық миллионер Джанлуке Ваккидің биін салып берген қазақстандық Сергей Рыжаков Андрей Малаховтың «Пусть говорят» бағдарламасына шақыртылды.
Бұл туралы кәсіпкердің Инстаграмдағы sergioalmaty парақшасында жарияланды.
Sergio Group ЖШС-нің президенті әрі негізін салушы Сергей Рыжаков видеороликке түсіп, италиялық «бишіден» кем билемеген еді. Енді ол сәрсенбі күнге жоспарланған бағдарламаға шақыртылды.
Айта кетейік, 49 жастағы италиялық бизнесменнің биі жаз айында жоғары көрсеткішке қол жеткізген еді. «Пуст говорят» бағдарламасына жас әйелімен келген Вакки эфир кезінде де биледі.
Жақында “Биші миллионер” Джалука Ваккидің жалаңаштанып биік өкшелі туфлимен билегенін жариялаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
97 әйелі бар 97 жастағы нигериялық өзін “көз жұмды” деген ақпаратты жоққа шығарды
Алматының салықшылары есеп машинкасын таныту үшін Нұрлан Абдуллинді ханға «айналдырды»
21 қарашада тозығы жеткен көліктерді қабылдау басталады
Аты-жөнін “Айфон” деп өзгертекен адамға iPhone 7 тегін берілмек