Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Конгода түрмеде бүлік шығып, салдарынан 130-дай адам мерт болды

Конгодағы Киншаса қаласының түрмесінде бүлік шығып, тұтқындар қашуға әрекеттенген. Түрменің бірнеше ғимараты толығымен өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Assosiated Press

Конго Демократиялық Республикасында түрмеден қашпақ болған кемінде 129 тұтқын мерт болды. Ел астанасы Киншасадағы Макала түрмесінің 24 тұтқыны ескертуден кейін оққа ұшты. Тағы ондаған адам тапталып немесе тұншығып өлген.

2 қыркүйекке қараған түні түрмеде тәртіпсіздік басталған. Мерт болғандардан бөлек, кем дегенде 59 адам жарақат алып, түрмедегі әйелдерді зорлаған бірнеше оқиға да тіркелді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көшеде бірнеше сағат атыстың даусы естілді.

Ішкі істер министрлігінің басшысы түзеу мекемесіне айтарлықтай материалдық шығын келгенін хабарлады. Түрменің әкімшілік ғимараттары, түрме ауруханасы және азық-түлік қоймасы толығымен өртеніп кеткен.

Макала түрмесі – Конго Демократиялық Республикасындағы ең үлкен түрме. Ол 1500 тұтқынға есептелген, бірақ онда 14 000-нан 15 000-ға дейін тұтқын бар.

Талқылау