"Концерттен ақша түспеді": Димаш Құдайбергеннің вокзалда жұмыртқа сатқан видеосы тарады (видео)
Димаш Құдайберген Орал қаласының вокзалында жұмыртқа сатқанын айтты. Әнші бұл әрекетінің себебін өз түсіндірді.
Желіде Димаш пен жанкүйерлерінің бірге жүрген видеосы тарады.
Олар Орал қаласының вокзалынан видео түсірді. Жанкүйерлері вокзалда жұмыртқа сатып тұрғанын айтуда.
"Оралға концерттен ақша табамыз деп келген едік, ол ойымыз орындалмай қалып үйде жұмыртқа әкеп сатып тұрмыз. Солай болып қалды енді", - деді Димаш.
Желі қолданушыларының бірі Димаштың сөзіне бірі сенсе, бірі сенбеді.
"Димаш әзіл-қалжыңға жақын, сондықтан бұл кезекті әзілі шығар", "Шынында да жұмыртқа сатқан шығар, ол да адам ғой, несіне таңғаламыз", "Бәрі еңбекпен келеді, Димаш еңбекқор", - десті олар.
Тағы оқыңыз
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен