Концертте Сайлаубекке гүл ұсынған қария жұртты күлдірді (видео)
Ұлықпан Жолдасовтың кешінде Серікбол Сайлаубекке жүгіріп жүріп гүл ұсынған қария жұртты күлкіге қарқ қылды.
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Мамыр айының 1 жұлдызында Ұлықпан Жолдасовтың сазгерлік кеші ұйымдастырылған болатын. Аталған кеште Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Фарида Жолдасова, Төреғали Төреәлі, Мәдина Сәдуақасова, Серікбол Сайлаубек, Қайрат Нұртас және “Заман”, “Меломен”, “Жігіттер” сынды топтар өнер көрсетті.
Өз кезегін күтіп сахнаға шыққан Серікбол Сайлаубекке тыңдармандары гүл ұсынады. Сахна шетінде тұрған күзеттен жас бойжеткен өтіп кетсе де, қария өз орнына қайтуға мәжбүр болады. Десе де, тыңдарманы өз орнынан бармай, сахнаны жағалап жүріп әншіге гүлін ұсынады. Әнші өз кезегінде басын изеп, қарияға алғыс білдіреді.
Мұны көргендер ду күліп, қарияның әншіге деген махаббатына қайран қалады. Ал қызықты видеоның куәсі болған желі қолданушылары “Молодец, атам қайтпайды”, “Жібере салса не болады. Ол кісі Сайлаубекке бірнәрсе жасап қоятындай ғой”, “Ұят нәрсе ғой мынау енді” сынды пікір білдірген.
Оқи отырыңыз:
Тыңдарманы Сайлаубектен ұрық доноры болуын өтінді