Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Концертке дейін: Қазақстандық әншілерді көрермендерге фонограмма қолданатынын ескертуге міндеттемек

Қазақстанда әншілерді фонограмма қолданатынын хабарлауға заң бойынша міндеттемек. Өнер иелері бұл туралы концертке дейін мәлімдеуі тиіс болады. Оны концерт афишасында көрсетсе, тіпті, құба-құп.

Концертке дейін: Қазақстандық әншілерді көрермендерге фонограмма қолданатынын ескертуге міндеттемек

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды. 

«Біз ел азаматтары бұл бастамамызды қолдайтынын көріп отырмыз. Олар жанды дауысты қолдайды. Сонымен қатар осындай өзгеріс арқылы концерт қызметтерін реттеп, концертті ұйымдастырушы мен концерт залы басшылығының жауапкершілігін анықтасақ дейміз», - дейді мәдениет және спорт министрлігінің музыка өнері басқармасы басшысы Ғани Мұратов. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың пікірінше, мұндай өзгеріс – «әділ әрі адамдыққа сай». 

Десе де кейбір концерт залдарының жабдықталуы мен дыбыс режиссерлерінің кәсібилігіне шағымданатын жұлдыздар да аз емес. Әншілер «бастысы жанды дауыста» деген ұстанымға сүйеніп, даусыңды құртуға болмайтынын айтады. 

«Бүгінде танымалдыққа ие көптеген әнші «компьютерлік әнші» сияқты көрінеді. Әине, әнші, жұлдыз атанғысы келетіндер көп. Сол үшін компьютер арқылы даусын түзейді. Алайда олар компьютер арқылы жүрегінде жатқан дүниені бере алмайды», - дейді халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов. 

Арна тілшісіне сұхбат берген дыбыс режиссерлерінің бірі мүлдем ән шырқай алмайтындардың өзінің көмегіне жиі жүгінетінін айтады. Мұндай «әншілердің» даусын өңдеу шамамен 10 мың теңге тұрады екен. 

Талқылау