Қонақ үйден қашпақ болған: Атырау облысында бір отбасының өліміне күдікті күйеу баласы мен қызының ұсталған сәті көрсетілді

Атырау облысында бір отбасы мүшелерін өлтірді деп күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның Индонезияда қалай ұсталғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Индонезия полициясының айтуынша, Сарсемалиев полиция қонақ үйге кіргенде қашпақ болған. Бірақ сол жерде ұсталған. Ал Мұқанғалиева қарсыласпаған.
Операция туралы полиция комиссары Рикки Пурнама хабарлады. Оған НЦБ Интерпол Индонезия, Солтүстік Ломбок полициясы және иммиграциялық қызмет көмектескен.
Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева халықаралық іздеуде болған және Интерполдың "жедел хабарландыру" тізімінде тұрған.
Полиция анықтағандай, күдіктілер 2025 жылғы 14 желтоқсанда Куала-Лумпурдан ұшып, Бали аралы арқылы Индонезияға келген. Содан кейін олар Ломбок аралына көшіп, ұсталғанға дейін сол жерде тұрған.
Қазіргі уақытта Индонезия тарапынан ресми рәсімдер аяқталғаннан кейін олар отанына депортацияланады.
-
"Жеке Бишімбаевым": Жарты жыл қысым көрсетті деген қазақстандық актрисаның күйеуі ұсталды
-
Шымкенттің экс-әкімінің жиені Таиландтан есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалған. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Артынша отбасының үйінің ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Олардың балалары әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында.
Осы іс бойынша желіде өзін “атыраулық хакер” таныстырған ер адам жоғалған адамдардың SIM карталарын анықтап, қаржылық операциялары арқылы күдіктінің отбасының күйеу баласы болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Кейінірек полиция атыраулық хакерге халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.
Полиция отбасының екі мүшесін өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев. Полиция күдіктінің қайда екенін білетінін және жақын арада тұтқындайтытын хабарлаған.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?