Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонаев қаласында шетел инвесторлары екі жаңа казино нысанын салып жатыр

Қонавета шетелдіктер екі казино салады

Фото: pixabay.com

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаевта шетел инвесторлары екі жаңа казино нысанын салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімнің айтуынша, жаңа нысандар екі жерде салынбақ:

“Біріншісі – бұрынғы "Aladdin" казиносының жанында орналасқан аумақта. Бұл жерді араб елдерінен келген кәсіпкерлер сатып алған. Қазір мұнда қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Оның аясында бес жұлдызды қонақ үй және оған қосылатын ойын кешені салынбақ. Екінші нысан тікелей Қонаев қаласының өзінде салынады. Жоба қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылуда және тек әуе рейстерімен келетін шетелдік туристерді тартуға бағытталған”, – деді Марат Сұлтанғазиев. 

Әкімнің сөзінше, екі жобаның да жүзеге асуы салық түсімдерін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуы тиіс.

Осы тұтса Сұлтанғазиев жастар арасында ойынға тәуелділік туралы алаңдаушылыққа да жауап берді. Айтуынша, жастар казиноға кіре алмайды, себебі бет-әлпетін анықтау (face control) бар.



"Тіпті жас адам кіріп кеткен күннің өзінде, көп ақша жұмсай алмайды. Біріншіден, одан табыс көзін көрсетуін сұрайды. Екіншіден, кіру үшін кемінде 500 доллар қажет. Бұл жерге екінің бірі кіре алмайды. Мен казино басшыларымен сөйлескенде, олар тәулігіне 300–400 адам келеді деді. Олардың бәрі – туристер. Қонаев пен Бурабайдағы казиноларға тек толық тіркеуден өтіп, қаржылай жағдайы туралы ақпарат бергеннен кейін ғана кіруге болады", – деді Марат Сұлтанғазиев.

STAN.KZ
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 16:56
Талқылау