Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонаев қаласында 40 миллиард теңгеге аквапарк салынады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында 40 миллиард теңгеге аквапарк салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Марат Сұлтанғазиев аймақта жүзеге асырылатын туристік жобалар жайында айтқан. Солардың ішінде Қонаевта салынатын аквапарк жобасы да бар екен. 


"1 триллионға сауда орталығы, 300 миллиардқа жағажай": Мәжілісмендер 15 триллион теңгеге салынатын жобаларды сынға алды


“Аквапарк – жеке инвестордың жобасы. Оның ішінде тек аквапарк емес, қонақ үй салу мен жағажайды ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бюджеттен қаржы бөлінбейді. Қазіргі таңда жағажай төңірегіндегі, инвестициялық тартымды жерлерге инвестор тартуға тырысып жатырмыз. Ал бюджет қаражатын ауылдарды жарық және сумен қамтуға жұмсап жатырмыз. Аквапарк Қонаевта бой көтереді”, – деді Сұлтанғазиев. 

Сондай-ақ Қара каньонда 1,5 миллиард теңге аспалы көпір салынады. Ал Ой-Қарағай шипажайын кеңейту үшін 58 миллиард теңге жұмсалады екен. Бұдан бөлек “Дабл Три бай Хилтон” қонақүйінің құрылысына 77,5 миллиард теңге қарастырылған. 

Еске салайық, бұған дейін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев 2,4 миллион теңге болатын жалақысына қатысты пікір білдірген еді. Толығырақ мына жерден оқи аласыз. 

Назархан Уән
Жұма, 13 Желтоқсан, 2024 12:53
Талқылау