Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Компания да мәселені шешуге тырыспаған": Астаналық такси жүргізушісіне жолаушысы ақысын төлемей қойған

Астаналық такси жүргізушісі жолаушысымен кептелісте ұзақ уақыт тұрған. Діттеген жерге жеткен соң жолаушы жол ақысын төлеуден бас тартқан. Аталған жағдай жүргізушілер мен жолаушылар арасында резонанс тудырды. Осыдан кейін автокөлік қызметтері саласындағы жауапкершілік мәселесі  қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay

Такси жүргізушісі жас жігіттердің тапсырысын қабылдаған. Сапар аяқталғанда, ол төлем сұраған. Дегенмен  жолаушылар қолданбадағы жүргізушінің рейтингін төмендетіп, нәтижесінде әйел жұмысы үшін төлемсіз қалған. 

"Кеше клиенттерді, яғни жас жігіттерді “Рамсторға” жеткізуім керек болды. Дегенмен ол жерде 1 сағаттай кептелісте болдық. 1 мың теңге (200 теңге) комиссия үшін бір сағат жүрдім. Нәтижесінде олар маған төлемеді... Айтпақшы, InDriver, әдеттегідей, менің шаруам емес... Жолаушыларды біз тиынға тасымалдаймыз. Дегенмен бұл мәселені ешкім қарастырмайды және ешқандай шара қолданбайды”, – деп жазды такси жүргізушісі. 

Фото: Facebook скрин

Компанияның қолдау қызметіне хабарласқан әйел олардың жауабына таңғалған. Оператор ешқандай шешімін, не істеу керегін айтпаған. Жанжалды жүргізушінің өзі шешуі керегін жеткізген. 

Қазақстандағы такси жүргізушілері күнделікті осындай жағдайларға тап болады. Көбінесе жолаушылар түрлі айла-амалдарды қолданып, төлеуден бас тартады.



Тұрғындар компания өз әрекеттеріне жауапты болуы және қызметкерлеріне көмектесуі керек деп санайды. Такси жүргізушілерінен мұндай мәселелерді өз бетімен шешеді деп күту – әділетсіздік дейді олар.

"Бұл сұмдық! Такси жүргізушілері де адам. Олардың еңбегін бағалау керек. Компаниялар жүргізушілерге мұндай жағдайларда қолдау көрсетуі міндетті", "Тұтынушыларды қолдау қызметінің мәселені шешуге тырыспағанына  таңмын”, "Бұл олардың жұмысы", "Сіз полицияға хабарласуыңыз керек", – деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда такси жүргізушілеріне қойылатын талаптарды қатаңдату ұсынылған еді. 

Талқылау