Көмір тапшылығы: Қазақстандықтар күн суығанда үйді қалай жылытарын білмей отыр
Далаға қарасаңыз, әлден-ақ қыстың суық ызғары сезіледі. Күн суыды, халық қысқа қамдануға кіріскен. Алайда барша қазақ жұртын алаңдатып отырған бір мәселе бар. Ол – маусым келісімен-ақ табиғи отынның қымбаттауы. Бұл күзде қазақстандықтар баға үшін ғана емес, жалпы көмір мен отынның аздығына алаңдаулы.
Көмір іздеген халық
Қазақстандықтар арасында Шұбаркөлдің көмірі үлкен сұранысқа ие. Бұл көмірдің сапасы жоғары әрі күл аз қалады деп біледі жұрт. Алайда астаналық Наталья Гюмюш аталмыш отын түрін еш жерден таба алмағанын айтады.
«Міне, осымен нешінші күн, Шұбаркөл көмірін еш жерден таба алар емеспін. Дәл қазір астаналықтар көмір тапшылығын сезінуде. Енді үйді қалай жылытамыз?» – деп жазды елорда тұрғыны желіде.
Астанадан өзге аймақтар да дабыл қағып үлгерді. Мәселен, сұраныс көп болғандықтан, Шымкентке қажетті көмірді жеткізуге мүмкіндік жоқ дейді тапсырыс қабылдаушылар.
Тұрғындардың пікірінше, алып-сатарлар көмірдің «жалған тапшылығы» мен нарықтағы шиеленісті қолдан жасап отыр.
Қазақстанның әр аймағына көмір сатумен айналысатын компания өкілінің айтуынша, отынды жеткізушілер «Шұбаркөл Көмір» АҚ-мен тікелей жұмыс істей алмағандықтан да үлкен проблема туындап отыр.
“Шұбаркөл Көмірдің” арнайы 3-4 диллері бар. Басқаларға аталған компаниямен тікелей жұмыс істеуге тыйым салынған. Олар бәрін аймақ бойынша бөліп алған. Ал біз тек дилерлерден алып, сата аламыз. Бізде таңдау жоқ, осылай жұмыс істеуге мәжбүрміз», – деп түсіндірді көмірді жеткізуші.
Бұдан бөлек, бүгінгі таңда компания еліміздің кей аймақтарына, мәселен Ақтөбе облысына «Қазақстан темір жолы» АҚ-да вагонның жетіспеушлігінен көмірді жеткізе алмай отырған көрінеді.
“Кем дегенде қарашада вагон бере аламыз. Өкініштісі, осы салада бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан компаниялар жұмысты бір ай бұрын жоспарлап қояды. Яғни, көмірді қашан және кімге сататынын, жеткізуін алдын ала ойластырады. Сондықтан қазір кей тасымал компаниялары бізге ресейлік вагондармен жұмыс істеуді ұсынып отыр. Олардан 20 вагон алуға келісеміз, көмірдің бір бөлігін Ақтөбеге, екінші бөлігін Шиеліге, тағы бірнеше бөлігін Алматы облысына жібереміз», – деп түсіндірді компания өкілі.
Жылуға төленетін ақы
Ақмола облысының тұтынушылары «қара алтынды» алу үшін бірнеше сағат бойы кезекке тұруға дайын екендерін жеткізді.
“Бүгін Қосшыдан көмір сатып алдым. Көздері шаршаған толассыз адамды көрдім. Өздері қорқып отыр. 1-2 тонна көмір сұрайды, ал сатушы кемі 4 тонна алғандарға ғана сатады. Адамдар ақшаның тапшы екенін, ал үйде қарттар мен балалардың тоңып отырғанын түсіндірсе де, саудагер құлақ асар емес. Ал аяз түскенде не істейміз?» – деді наразылығын білдірді Гүлнар Әбдірахманова желіде.
Ал көмір тасушылар бір ауыздан жылда осы уақытта көмір бағасының қымбаттайтынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта «қара алтынның» бір тоннасы Шымкентте 15-16 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда қымбат.
Дәл осыған ұқсас жағдай Павлодар облысында орын алып отыр.
“Дизель отынының бағасы көтерілгендіктен, Майқұба көмірі 1000 теңгеге қымбаттады. Өткен жылы аймақтағы ең танымал қоңыр көмір 7500 мың теңге тұрса, биыл 9 мың теңгеге жетіп отыр. Жылыту маусымының алдында отынның бағасы тұрақты түрде 20%-ға көтеріледі”, — деді “АТМ-ПВ компаниясының өкілі Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Ал есіктен сығалап тұрған қысты сезінген қазақстандықтар «қыстың қамын неге жазда ойламадым» деп бармақ тістеуде. Себебі көмірге қол жеткізу жылдан жылға қиындап барады.
Жіберіп алмаңыз:
Депутат алыстағы мектепке оқушылардың жалаңаяқ жетіп жүргеніне алаңдаулы
Талдықорғанда 10 жезөкше ұсталды
Алматыда болған ұшақ апатының бастапқы себебі айтылды
Әріптесі: Ұшақта қаза тапқан Патсаевқа қазақстандық дәрігерлер қарыздар