"Командир жеке әңгімелескен": Қорғаныс министрлігі Сарыөзек әскери бөлімшесінде сарбаздың неден қайтыс болғанын түсіндірді
Орталық коммуниция брифингінде жағдайды құрлық әскерлері қолбасшысы Мереке Көшекбаев Жетісу облысында сарбаздың қазасына не себеп болғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: КТК телеарнасынан
Қорғаныс министрлігі құрлық қарулы күштері бөлімдеріндегі оқиғаларға қатысты негізгі сұрақтарды талқылуға және түсіндеруге тырысатынын айтты.
"Өз сөзімді бастамас бұрын жеке өзімнің атымнан, құрлық әскерлері жеке құрамының атынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына көңілімді айтқым келеді. Әскерде болған түрлі қайғылы жағдайлар құзырлы орган өкілдерімен бірге мұқият тексеруді талап етеді. Қайғылы оқиғаның не себептен болғаны анықтарып, әрі қарай шара қолданылады. Әрине, біз шындықты түсінеміз, мәселені шешу жолдарын іздейміз. Біз проблемалар мен қауіптерді болдырмау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық әскери қызметкерлер үшін қолайлы орта жасауға ұмтылудамыз", – деді Мереке Көшекбаев.
Министрлік өкілі 14 қаңтарда Сарыөзек ауылындағы №12740 әскери бөлімшесінде болған Құрманбек Дастанның қазасына қатысты бірнеше түсініктеме беріп өтті.
"Қаза болған сарбаздың жағдайына байланысты, командалық құрамның жеке құраммен жұмысында бірқатар олқылықтар болды. Дастанның әскери қызметке бейімделу барысында ішкі күйзелістерін дер кезінде анықтай алмаған", – деді Көшекбаев брифинг барысында.
Мереке Көшекбаев әскери қызметте сарбаздардың мінез-құлқындағы ауытқуларға дереу реакция жасалатынын атап өтті. Сонымен қатар Құрлық әскерлері қолбасшысы қайғылы оқиғаға дейін болған жағдайларды түсіндіріп берді.
"Қолда бар ақпарат бойынша, сарбаз Құрманбек Дастанның күйзелісі туралы естіген командир жеке әңгімелескен. Телефон арқылы ата-анасымен сөйлесіп, 12 қаңтарда олар бөлімшеге келіп, ұлдарымен кездескен. Бөлімшеден шығарылу да берілді", – деп атап өтті Көшебаев.
Оның айтуынша, сол күні Дастан ата-анасымен бірге болған.
"Бөлімшеден оралғаннан кейін Дастан мен оның ата-анасы бөлімше басшылығына немесе құқық қорғау органдарына сұрақтар, өтініштер мен шағымдармен жүгінбеген. Әскери ұжыммен, оның ішінде офицерлер мен сержанттармен ешқандай мәселелер болмаған", – деді ол.
Көшекбаев тағы да қаруды пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін 14 қаңтарда Жетісу облысында 18 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапқанын жазған едік. Құрлық әскерлері командирлігінің мәліметінше, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында әскери дайындық кезінде қаруды пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде сарбаз өлімге әкелетін жарақат алған.