Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Командир такси” басшысы шабуыл кезінде көлік жүргізушінің неліктен Есентаеваға көмектеспегенін айтты

Баян Есентаеваны күйеуі шабуыл жасаған кезде оқиғаға куәгер болған такси жүргізушісінің әрекетіне байланысты “Командир такси” директоры Максим Сәрсенов пікір білдірді.

f8101b8f-b114-4c3d-add9-4eb627cb0e74

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Баян Есентаева 10 маусым күні әуежайдан түскеннен кейін такси қызметіне жүгінген. Алайда таксиге кіріп келген күйеуі Бақытбек Есентаев бас сала шабуыл жасаған. Кейінірек ол Есентаеваны басқа көлікке алып кеткен.

“Командир такси” Баян Есентаеваға қатыс тергеу бойынша серіктестік жасауда. Иә, біз ол оқиға туралы білеміз. Және бұған біздің де жанымыз ауырады. Мен Баян Есентаеваны жеке танимын, оның адамдығын қатты құрметтеймін. Оған бұл қиындықтан тез шығып, мәнді өмір сүруін тілеймін. Мен қауіпсіздік қызметіне ІІД-ның алдында ашық болу керектігін тапсырдым. Бізге ІІД қызметкері келгеннен кейін мен оған барлық құжаттарды бердім. Шабуыл кезінде көлік жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтаған. Ал қалған ақпараттардың барлығы облыстық ІІД-де. Сот процесі болған кезде, барлығы сол кезде анық болады. Болған жағдайдан жүргізуші де қатты қорқып қалған. Мен оны білемін, ол адамды құрметтеймін”, – деді Сәрсенов.

Бұған дейін Баян Есентаеваның өзіне күйеуі тарапынан жасалған шабуылдан кейін алғаш рет берген сұхбаты жарияланған болатын.

Айта кетейік, Баян Есентаева 10 маусымда болған аты шулы оқиғаның қалай болғанын өз аузымен айтып берді. Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Оқи отырыңыз:

Баян Есентаева: Күйеуім мені ұрып жатты, мен одан балаларымызды ойлауды сұрадым

Баян Есентаева: Маған 5 метр жақындаған ер адамнан қатты қорқамын

Талқылау