Қолымызбен көрсететін ишаралардың әр елдегі мағынасы қандай?
Жер шарындағы барлық адам көңіл-күйін түрлі ишаралар арқылы көрсетуге дағдыланған. Біздер оны барлық халық үшін бірегей деп білеміз. Десе де ол біз үшін ғана солай болар. Шындығында, шет елдік азаматпен сұхбаттасқан кезде түрлі қолайсыздыққа тап боларыңыз анық. Бұл ретте әр белгілінің әр елде қандай мағына берерін ұсынуды жөн деп таптық.
Қол алысу
Әлемнің барлық түкпірінде амандасуды білдіреді. Бірақ шығыс елдерінде әлдекімге себепсіз қол тигізу тәрбиесіздік болып саналады.
Ортаңғы саусақ (ортан терек) көрсету
Бұл ишара сексуалды сипатқа ие. Және әңгімені қауырт тоқтатуды білдіреді. Десе де ол барлық ортада теріс тәрбие нышанындай қабылданады. Таиланд және Жапония мемлекттерінде ортаңғы саусақ көрсету – сексуалды қызмет көрсету ишарасы. Ал Германияда ортаңғы саусағыңызды көрсетсеңіз, айыппұл салынуы мүмкін.
Бас бармақты көтеру
Жоғарыға көтерілген бас бармақ әр елде әр түрлі қабылданады. Егер Германияда ол бір санын білдірсе, Грецияда «… кетші сен!» деген тіркесті аңғартады. Уругвай және Иран елдерінде бас бармақ еркектің қозу күйіндегі жыныс мүшесін және сексуалдық зорлық қаупін білдіреді. Ал Францияда бұл ишараның мағынасы «үстіне отыршы» тіркесіне саяды.
Қол шығару
Жапония, Қытай және Корея мемлекеттерінде бұл еркектің жыныс мүшесін білдіретін белгі. Ал Германияда жыныстық қатынаста болуды ұсыну ретінде қабылданады. Үндістанда қауіп-қатерді, Түркия мен Орталық Америкада жылдам оральді жыныстық қатынас жасауға ұсыныс білдіруді аңғартады. Жергілікті халық бұл ишараны сәттілік әкеліп, жын-перілерді қуады деп нанғандықтан, қол шығару – Бразилияда ләззат көрсеткіші.
Сұқ саусақпен басын нұсқау
Сұқ саусақпен басын нұсқау адамның ақыл-ой қабілеті жайлы тұжырым береді. Бірақ Нидерландтарда болсаңыз, бұл ишара – ақылдылықтың белгісі. Италияда аталған ишара арқылы өзіңіздің біртүрлі адам екеніңізді көрсетсеңіз, Аргентина телефонға шақыру белгісі ретінде қабылданады.
Бас бармақ және сұқ саусақпен дөңгелек жасау – «ОК»
Көп жағдайдабұл ишара қиындықтың жоқтығын және нөл» мағынасын береді. Десе де барлық мемлекетте емес. Франция, Португалия және Латын Америкасының басқа елдерінде «ОК» ишарасы дөрекілік пен жамбастағы артқы тесікті білдіреді. Ал Түркияда шылдыр шүмек қоса көрсетілген бұл ишара – гомосексуализм белгісі. Тунисте адамға өлім қаупін төндіру есебінде қаьылданады.
Жеңіс белгісі
Жоғары көтерілген сұқ және ортаңғы саусақтар жеңісті аңғартады. Алайда Италияда бұл ишара әйелдің жыныс мүшесін білдіреді.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
