Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолыңызды алуға батылым бармады": Майра Мұхамедқызы Ален Делонмен кездескен сәтті есіне алды

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы 88 жасында дүниеден озған француз актері Ален Делонмен жолыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Айта кетейік, Ален Делон – өткен ғасырдың 60-80-жылдардағы театр және кино актері. 2019 жылы Ален Делон инсульт алып, отадан кейін Швейцарияға көшті. Өмірінің соңғы жылдарында актер Альцгеймер ауруымен ауырды. 

“Қош болыңыз, Ален Делон! Жаныңыз жаннатта шалқысын! Менің ғана емес, бүкіл бір дәуірдің қыз-келіншектерінің жүректеріне ғашық отын тұтатқан ақбозат мінген ханзада. Махаббат пен сұлулықтың символы болған сіздің жанарыңыз, тұздай көк көзіңіз, даусыңыз, жымиған күлкіңіз, талғампаздығыңыз такаппарлығыңыз сомдаған рөлдеріңіз мәңгі адамзат мұрасына өнер деген құдыреттің болмысын архив етіп қалдырып кете бердіңіз… Өнерге адал әрі әділетті көзқарасыңыз бен пікірлеріңіз үшін рақмет!”, – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі Францияда жүргенде әлемге әйгілі актермен жүздескен сәтін де есіне алды. 

“Францияда жүргенімде алыстан қарап сізге тамсанып, жаныңызға барып қолыңызды алуға батылым бармады. Өйткені сіз менің бала кезімде ғашықтық деген ғажап әрі құрметті сезімді оятқансыз. “Зорро” фильмін мың рет көрсем де, еш жалыққан емеспін. Әдемілікке ғашық болуды үйреткен өзіңіз. Сол үшін рақмет сізге!”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, Майра Мұхамедқызы өнердегі өкінішін жеткізген еді. 

Талқылау