Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөйлей алмай қалдым": Алматылық қыз автобуста өзіне бейтаныс адамның тиіскенін айтып жылап қалды (видео)

Автобуста ер адам қызға тиіскенФото: Видеодан скрин

Желіде zvezzdaelina есімді қыз №99 автобуста келе жатқан кезде белгісіз ер адам әдейі қасына тым жақын тұрып, қолымен тиісе бастағанын айтады. Қыз абдырап қалғанын, ештеңе айта алмағанын жеткізді. Оқиғадан кейін ол қатты күйзеліп, университеттегі сабағына да бара алмаған. Жас қыз мұндай жағдайға тап болғанын алғаш рет бастан кешіп отырғанын айтып, басқа қыздарды автобуста абай болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматыда №99  бағыттағы автобуста оқыс жағдай болды. Университетке бара жатқан қыздың айтуынша, белгісіз ер адам әуелі қасына тым жақын тұрған, кейін қолымен тиісе бастаған.

Қыз ол күні таңғы сағат 08:00-де үйден шығып, университеттегі сабағына асыққан. №99 автобуспен күнде қатынайтын ол, әдетте көлік адамдарға толып жүретінін, алайда бұл жолы онша көп жолаушы болмағанын айтады. UIB университетінің аялдамасынан көп адам мінгеннен кейін, қыз есікке жақын тұрып қалған. Дәл осы кезде ер адам оған барынша жақындап, әдейі денесімен қысым жасап, тіпті ауыр демін бетіне шығарған.

"Мен қазір түсемін деп ойлап, шыдай тұрайын дедім. Бірақ кенеттен ол қолын жамбасыма тигізді. Сол сәтте үнсіз қатып қалдым, сөйлей алмай қалдым. Шығуыма аз уақыт қалғанда тағы да тиісті. Мен түсіп кеткенімде ол адамдардың арасына кіріп, ізін суытты", – дейді жәбірленуші.

Қыздың айтуынша, ол оқиғаны бастан өткерген сәтте анасына қоңырау шалып келе жатқан. Күтпеген жағдайдан қатты абдырап, көз жасына ерік берген. Университетке жеткен соң да жылап жүріп, сабағына бара алмаған.

"Өзімді кінәлі сезінгендей болдым. Қалай болғанын өзім де түсінбеймін, университетке жеткенше анаммен сөйлесіп келе жаттым, көзімнен жас тоқтамады. Өйткені, мұндай жағдай менімен болады деп ойламаппын. Киімім де жабық еді, ал ана сұмпайы еркек неге бұлай істеді түсінбеймін. Ол маған тиісті. Неге оған бірнәрсе айта алмадым, өзім де білмеймін. Ештеңе айта алмадым. Сол үшін өзіме қатты ренжідім. Бұндай бірінші рет болды. Өзімді кінәлі сезінгендей болдым. Неге екенін білмеймін, бірақ қатты ұялдым. Сол үшін басқа қыздарға ескерту жасағым келеді. Егер біреу әдейі тым жақын тұрса, дереу "алыс тұр" деп айтыңыздар", – дейді ол.

Оқиғадан кейін қыздың басы қатты ауырып, көзі ісіп кеткен. Қазір ол қыздар мен жас әйелдерді қоғамдық көлікте абай болуға шақырып отыр.

Осы мәселеге қатысты Алматы полиция департаментіне сауал жолдадық. Алайда басқарма жағдайда қатысты еш пікір бермеді.


Алматыда қызды аңдып, қол жүгірткен 14 жастағы жасөспірім болып шықты


Екібастұзда InDrive жүргізушісі жолаушыға салонда темекі шеккені үшін интим ұсынған


Еске салайық, бұл Алматыда қоғамдық көлікте қыздарға қатысты әдепсіз әрекеттердің алғаш тіркелуі емес. Кадрлардан ер адамның қыздың жамбасын бір қолымен ұстап, емін-еркін тұрғанын байқауға болады. Куәгерлер жағдайды видеоға түсіріп алған, алайда құқық бұзушы өзін түсіріп жатқанын білсе де, еш қымсынбаған. 

Куәгерлердің айтуынша, жәбір көрген қыз қорқып, келесі аялдамадан түсіп қалған. Дегенмен ер адам мұнымен қоймай, басқа қызға да сол әрекетті жасаған. 

@zvezzdaelina

эта ситуация произошла со мной вчера, сегодня мне намного лучше, девочки не бойтесь говорить, не замалчивайте пожалуйста

♬ оригинальный звук - zvezzdaelina
Айым Атамбаева
Сенбі, 13 Қыркүйек, 2025 17:12
Талқылау