“Көлікті рұқсатсыз алған”: Алматы облысында жол апатынан үш мектеп оқушысы қаза тапты
Фото: tengrinews.kz
Алматы облысының Іле ауданында көлік апаты болып, салдарынан үш мектеп оқушысы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, мектеп оқушыларының бірі ата-анасының көлігін рұқсатсыз алып, үш досымен бірге серуенге шыққан.
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 27 мамыр күні таңғы сағат 04:20 шамасында Төңкеріс – Байсерке – Қараой тасжолында болған.
Mitsubishi Galant маркалы автокөлікті кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған. Ол рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен жолаушылардың бірі көз жұмды. Тағы екі адам медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда олардың бірі ауруханада көз жұмды", – деп хабарлады полиция өкілдері.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды.
"Барлық жағдай анықталғаннан кейін заңды өкілдерге қатысты да қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында қалыңдық жол апатынан қаза тапқанын жазған едік.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
