Ақтөбелік әйел көлігін сатып алғысы келген адаммен кездесемін деп мерт болды: Қылмыскер 22 жылға сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пайда табу мақсатында кісі өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Соттың мәліметінше, күдікті У жәбірленуші С-ға шабуыл жасап, оны көлікте жүргізушінің қауіпсіздік белдігімен тұншықтырған. Айыпталушы жәбірленушіні өлітіріп, оның 150 мың теңге тұратын алтын алқасы мен "Toyota Camry" автокөлігін иемденген.
Күдікті жәбірленуші С-ның жеке басын анықтауды қиындату үшін оның бетін пышақпен кесіп, мәйітін ауылдық жолдың жанындағы бұталарға тастап кеткен.
Сотта прокурор айыпталушыны 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленуші мен оның адвокаты ең қатаң жазаны тағайындауды сұрады.
Кек алу үшін полицейді жауыздықпен өлтірген қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді тінту және қарау хаттамаларымен, сараптамалардың қорытындыларымен және алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот сотталушыға жеңілдететін мән-жайлар ретінде соттылығының жоқтығын және жас балалардың болуын назарға алды. Қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау сот ауырлататын мән-жай деп таныды.
“Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сонымен қатар сот полиция департаментінің басшылығына тиісті шара қолдану үшін жеке қаулы шығарды”, – делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 9 маусымда 55 жастағы әйел көлігін сату үшін көлік базарына шығып, жоғалып кеткен. Жоғалған әйелдің туыстары полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары қала сыртынан әйелдің денесін тапқан.
Осы іске қатысы бар деп Ақтөбелік келіншектің қоңырауын жауапсыз қалдырған диспетчер 2 жылға сотталған еді. Алайда Ақтөбе облыстық соты төтенше жағдайлар қызметінің жедел диспетчер жазасын жеңілдетті.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда 30 жыл бірге тұрған күйеуін белбеумен буындырып өлтірген әйел сотталғаны туралы жазған едік.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік