Көлік жүргізушісі түсініп қойды: Жеткіншек қыз желіде тараған ишараның көмегімен зорлаушыдан құтылды
Жоғалып кеткен 16 жастағы америкалық қыз көшедегі көлік жүргізушісіне TikTok сайтында бұрын көрген ишара қимылын көрсетіп, зорлаушыдан қашып құтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаскөйдің көлігімен қатар келе жатқан ер адам жолаушы қыздың оған көрсеткен қимылынан көмек сұрағанын байқайды. Қыз бала тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе басқа мәселелер кезіндегі көмек сұрау ым-ишарасын көрсетеді. Ол оған көрсетіп, бас бармағын қысып, кейін саусақтарымен жабады.

Ер адам бірден полицияға хабарласқан. Анықталғандай, тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, дәл тасжолда 61 жастағы ер адамды ұстады. Артқы орындықта кәмелетке толмаған қыз отырған. Оның телефонынан сексуалдық сипаттағы суреттері табылды. Жәбірленуші қыз ұрлаушымен бірге бірнеше штатты жүріп өткенін айтты.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді