Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік жүргізушілері WhatsApp-тағы топ арқылы тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп салуда

Бішкекте Азалия Азатова есімді студент WhatsApp-тан көлік жүргізушілеріне арналған топ ашып, жолай тұрған азаматтарды үйіне тегін жеткізіп салатын жүйе құруға кіріскен.

авто_Зима

Бұл туралы “Sputnik-Кыргызстан” хабарлайды.

Ол мұндай топты Telegram желісінде де ашып қойыпты. Қыздың сөзінше, топты пайдаланушылар саны күн сайын артып келеді екен.

“Бірде мен Кеміннен Бішкекке қарай жолға шығып, көліксіз қалып қоя жаздадым. Сол кезде осындай топ ашу керектігі ойыма оралды. Мұның қаншалықты маңызды болатыны, болмайтыны туралы ұзақ ойландым. Топ қолданушыларының мүлде үнсіз қалған сәттері де болды. Бірақ, соңғы аптада мейірімді көлік жүргізушілерінің арқасында пайдаланушылар да белсенділік таныта бастады”, – дейді студент қыз.

Қазір WhatsApp желісіндегі “Попутка КГ” тобында 256, ал Telegram-да 190 қолданушы бар.

Оқи отырыңыз:

Саусағыңыздың пішіні болмысыңыз жөнінде көп нәрсе айта алады

Робот Антарктидада 740 метр тереңдіктегі мұз астында өмір бар екенін анықтады

Адам денесін сергітетін 9 құбылыс (фото)

Әр тұрғынның миллионы бар: Қытайдағы миллионерлер ауылы қалай өмір сүреді

Талқылау