Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік жүргізушілері айыппұлды уақытылы төлей алмай жүр

Қазақстандық жүргізушілер айыппұлдарын уақытылы төлей алмай жүр. Айыппұлды ерте төлегендер 50 пайыз жеңілдік алады. Бірақ құқық бұзушулар өздерінің есімін дерекқордан таба алмады. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жол полициясы жргізушілерге хаттама толтырып берген. Бірақ дерекқорда құқық бұзылғаны көрінбейді.

Алексей Родичевке көлік шамдарын қоспай жүргені үшін айыппұл салынған. 50 пайыз жеңілдік алу үшін 7 күн ішінде айыппұлынан құтылайын десе өзін деректер қорынан таба алмаған.

«Банктік онлайн қызметте айыппұлым көрінбеді. Тек сегізінші күні ғана қарыз екенім шығып, сол кезде төледім. 7 күн өткеннен кейін 50 пайызбен емес айыппұлдың толық 100 пайызын төлеуге мәжбүр бодым», – дейді көлік жүргізушісі Алексей Родичев.

Тағы да бірнеше жүргізуші айыппұлдарын уақытылы төлемеген. Сондықтан, олар айыппұлды жеңілдікпен төлеу құқығына ие бола алмаған.

Бұл ретсіздік туралы депутат жауап берді.

«Мұндай техникалық ақаулар бар. Себебі айыппұлдар өте көп. Сондықтан дерекқорға уақытында шықпайды. Бұл мәселемен ІІМ айналысып жатыр», – дейді Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко.

Бұл мәселе туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті 7 күн ішінде жауап береді.

Тағы оқыңыз:

2018 жылы Қазақстанда 600 ірі кәсіпорын қызметкерлер санын қысқартпақ

Қарағандылық қыздың өліміне 14 жасар құрдасы кінәлі болуы мүмкін

Қазақстандықтар ең жоғарғы зейнетақыға қалай қол жеткізе алады

Шенеунік екі жыл бойы енесінің коммуналдық қызметтерін бюджеттен төлеп келген

Талқылау