Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлігін берді, пәтерді жеңілдікпен жалдадым": Ресейлік актер Қазақстанда өзін таңдандырған дүниелермен бөлісті

Танымал ресейлік актер Сергей Романович өзінің TikTok аккаунтында Қазақстанда өзін қатты таңқалдырған дүниелерді атады. Сөзінше, оған қазақ халқы пәтер жалдауда жеңілдік жасап, тіпті астына мініп жүретін көлік тауып беріпті. Одан бөлек актер халықтың президентке сенімі мен цифрлық даму деңгейін сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сергей Романович әлеуметтік желіде бейнежазбасын жариялап, біздің елде өзіне ең қатты әсер еткен үш нәрсені атап өтті. Актер әсіресе қазақтардың жомарттығына тәнті болған екен. 

"Біреу маған пәтерін жалдауға жеңілдікпен берді. Тіпті танысқанымызға бір-екі сағат болған адам қалада жүруім үшін жүргізушісімен бірге өзінің жаңа “Мерседес” көлігін берді. Осындай мейірімділік пен жомарттық мені тәнтті етті. Мен қатты таң қалдым, тіптен өте риза болдым", - дейді ол.

Сонымен қатар актер Қазақстандағы цифрландыру деңгейіне таңырқай қарағанын жасырмады.

"Kaspi қосымшасы мүлдем жоғарғы деңгей. Мұнда картаны10-ақ минутта алуға болатынын айтпағанда бұл қосымшада жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке куәлігі секілді қажетті құжаттардың барлығы бар. Одан бөлек өнімдер, қоғамдық қызметтер де бағдарлама арқылы қолжетімді. Мәселен мен бір адаммен кафеде отырып, одан көлік сатып алып, осы қосымша арқылы бес минут ішінде өзіме рәсімдей аламын. Міне, деңгей деп осыны айт", - деп қосты актер.



Сергей Романович ел халқының президентке сенімі мен қолдауына да риза болғанын жасырмады. Сөзінше, әсіресе осындай қиын заманда халықтың президентке шынайы ықылас танытуы өте керемет әсер береді екен. 

“Мұнда халықтың 70%-ы президенттерін қолдап, сенім артқан. Мәселен таксиге мінгенде адамдардың өз президенттерімен мақтанып, оның халқына жасағандарын айтып, сенім артқандары маған қатты әсер берді. Халқының президентке сенім артып, мақтан тұтуы мына заманда сирек кездесетін құбылыс қой”,- деді ол. 

Актер таңданысы мен ризашылығын білдіріп, қазақтардың жомарттығына алғыс айтты. 

@yero000 Әйтеуір все в шоке 😂 #казахстан #мобилизация ♬ оригинальный звук - 🦅
Талқылау