"Қолы бос әйел болғым келмейді": Баян Алагөзова жас аналарға кеңес берді
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жас аналарға қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/id197262090
Медиа маманы Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, ата-аналарға үндеу жасады.
"Мен қолы бос әйел болғым келмейді, менің балаларым мені күтсе екен деймін. Мен балаларымның маған таңырқай қарағанын қалаймын. Ал, олар менімен мақтану үшін, мен өзім күн сайын өсіп, дамып отыруым керек. Қазір мен бұл тәжірибені дұрыс деп отырған жоқпын. Ол тек мен үшін жақсы тәжірибе болуы мүмкін. Баланы тәрбиелеудің ең дұрыс жолы — өзің үлгі болу. Анасы жаман болса, баласы қайдан жақсы болсын?! Бала анасы қатыгез болса, мейірімді болып өспейді. Егер анасы тәрбиесіз болса, оның баласы қайдан тәрбиелі болады? Оның барлығын бала күннен губка сияқты сіңіріле береді", — деді продюсер.
Сондай-ақ продюсер екі қызын болашақта қазақ мектебіне беруді қалайтынын айтты.
“Тұрсен қыздар қалай өседі екен деп уайымдайды. Мен ешқашан сары уайымға салынбаймын. Керісінше, қыздармен уақыт өткізгенде камерамды қосып қоямын. Олардың әр сәтін таспаға жазып алғым келеді. Тұрсен олардың болашағына көбірек алаңдайды. Мен олардың өте тез өсіп кететіндерін айтамын. 7 жылдан кейін екі қызды да қазақ мектебіне беремін. Айсәулені аралас мектептегі қазақ сыныбына бергенмін. Бұл жолы тек 100 пайыз қазақ мектебіне баратын болады”, – деді Баян Мақсатқызы.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсеннің декреттік демалыста отырғанын айтқан еді.