"Қолдауың шабыттандырады": Дәурен Айдарқұлов экс жұбайы Ақбота-Нұрға алғыс білдірді
Танымал актер, шоумен Дәурен Айдарқұлов экс әйелі, актриса Ақбота-Нұрға ел алдында ризашылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақбота-Нұр Қазақстандағы ең үздік үш актерді атады. Арасында Дәурен Айдарқұлов та бар.
“Мен үшін үздік үш актер: Дәурен Айдарқұлов, Шакенти-Шако және Елдос Шайкенов", – деді актриса.
Актрисаның бұрынғы күйеуі, актер Дәурен Айдарқұлов видеоның астына жүрекжарды лебізін жазып, алғысын білдірді.
“Рақмет, жылы сөздерің үшін! Осындай қолдау шабыттандырады және алға ұмтылуға күш береді. Сенің талантың ерекше және әр жобаңда осыны дәлелдеп келесің. Саған да тек сәттілік тілеймін!", – деп жазды актер.
Еске салайық, Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен бірге түскен суретін жариялаған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты