Көкшетауда зорлықтың құрбаны болдым деген бойжеткен жалғыз өзі наразылыққа шықты
2 жылға созылған сергелдеңге осы сотта нүкте қойылатын болар деп ойлаған Наталья Буланова депутаттың аяқ астынан ақталып шыққанын түсінбей отыр, деп хабарлады КТК.
Қалай да әділдікке қол жеткіземін деген ол бүгін жалғыз өзі наразылыққа шықты.
“Судья Шәймергенов отставкаға кетсін! Ондай адамды сот жүйесінен қуу керек. Ол сатылып кетті. Джейранов мені мазақ қылды. Ал судья мен Джейранов заңды мазақ қылды. Менің дәлелім жеткілікті. Осы жерге облыстық сот та назар аударса екен деп шықтым”, – дейді Наталья Буланова.
Осылай деп ашынған Наталья депутаттан зорлық көргенін қалай да дәлелдеуге бар күшін салмақ. Зеренді аудандық сотының шешіміне қарсы шағым түсіріп үлгерген адвокаты да әйтеуір шындықтың бір ашыларына сенімді.
“Джейрановты сот ақтап шығып, өзінің әділетсіздігін, дәрменсіздігін көрсетті. Біздің қолымызда Қазақстандағы ең білікті сарапшылардың генді-молекулярлық сараптама қорытындысы бар. Судьяның қандай болжаммен осындай шешім қабылдағаны түсініксіз”, – дейді адвокат Владимир Филипенко.
Наталья кәсіпкердің жеке шаруашылығында есепші болып істеген. Ауыл шетіндегі кеңсенің бір бөлмесінде тұратын оған бастығы кешқұрым жұмысын сылтауратып келіп бас салған көрінеді. Сандықтау аудандық мәслихатының депутаты, өңірге белгілі ірі кәсіпкер Алексей Джейрановты ол содан бері заң алдында жазалай алмай жүр.
Буланованың облыстық сот ғимараты алдындағы наразылық шарасы екі сағатқа созылды. Бірақ осы уақыт ішінде сот қызметкерлерінен наразылыққа назар аударған ешкім болмады. Ал, арым тапталып, намысым қорланды деген ол әділдікке жетпейінше тоқтамаймын деп отыр.
Тағы да оқыңыз:
Қажылығын өтеп жүрген мүгедек қазақ жігітінің әңгімесі жүректі елжіретті
Қасқырлар араларындағы жұптарына құрмет көрсетеді: Жыртқыштардың ерекшеліктері
Алматыда автобус кондукторы жүріп бара жатқан көлік есігін ашып қойып темекі шекті (видео)