Көкшетауда жүкті әйел тубдиспансерде көз жұмды
Көкшетауда жүкті келіншек туберкулезге қарсы диспансерде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Көкшетаудағы туберкулезге қарсы диспансерде Степногорск қаласының 24 жастағы тұрғыны қаза болды.
Жүктілігінің бес айында әйел туберкулезбен ауырғанымен, ұзақ уақыт тексерілмеген. Қаңтарда ол ауруханаға жатқызылды. Бірақ туыстары келген соң емделуден бас тартып, қолхат жазып үйіне кеткен.
Екі күннен кейін науқас ауыр халде оралды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Өлім себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі мен туберкулез.
Еске салсақ, Абай облысында перзентханаға өз аяғымен барған жүкті әйел ауруханада көз жұмған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"