Көкшетауда трактор соғып мүгедек болып қалған ер адам өтемақы ала алмай жүр
Көкшетауда құрылыс жұмыстары кезінде жас отбасының асыраушысы Жанболат Әбдуәлиді трактор соғып, салдарынан екі аяғы жүруден қалды. Ең сорақысы, төрт айдан бері Жанболатты қаққан тракторшы да, бригада жетекшісі де өтемақы төлеуге асықпайтын тәрізді. Ал, табыстың жоқтығынан жас отбасының күнкөрісі қиындаған.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Студент кезден бері Көкшетауға келген Жанболат отбасын асырау үшін жұмыс талғамайтын. Үйреншікті әдеті бойынша қыркүйек айында отағасы бір топ азаматтармен қара жұмысқа жалданады. Олар жеке меншік үйдің ауласына тас төсеулері қажет болатын. Алайда, Жанболат үшін ол шаруа аяқсыз қалды. Жұмыстың алғашқы күнінде-ақ, трактор соғып, аурухананың жан сақтау бөлімінен бірақ шыққан.
Погрузчик келді. Жақындап тұрды. Мен жұмыс істеуіме алыстау болғаннан кейін жылжи қоюға шақырғанмын. Сол кезде педальдарын ауыстырып алды ма. Келіп соқты. Қазір төртінші айға кетіп барады. Енді енді қимылдап, тұрып жатырмын», дейді жәбірленуші Жанболат Әбдуәли.
Жігіт болса да, жасына ерік берген Жанболат жағдайының осылай болғанына налиды. Намысқа тырысқан ол өз еркімен жүргісі-ақ келеді. Алайда, бұл әзірге мүмкін болмай тұр. Жалғыз өзінің жүріп-тұруға қауқары жоқ. Тіпті, дәретке бару үшін де әйелінің көмегіне жүгінеді.
Бұдан бөлек, үйге көмір, отын, су тасу сияқты ауыр жұмыстардың барлығы нәзік жандыға жүктелген. Айы-күні жақындап қалған келіншек өзінің денсаулығынан гөрі, жолдасының қамын көп ойлайды. Өйтпеске амал жоқ. Себебі, жолдасын сеніп тапсыратын жақындарынан қайыр болмай тұр.
«Үлкен дәрет кіші дәрет содан нетеді ғой бәрі. Жүре алмайды. Ертең сен больницаға түсіп қалсаң біз қалай қараймыз деген сияқты жолдасына. Сосын имамдарға звондадым. Далада қалдық үйіміз жоқ деп. Сол кісілер осы үйді тауып беріп, көшіріп алып келді», – дейді Жанболат Әбдуәлидің жары Айғаным Әбдуәли.
Бір қысқа жетерлік отыны мен көмірін де сатып әперген де мешіт қызметкерлері. Ал, сол күні тракторды тізгіндеген жұмысшыдан да, бригада басшысынан да ешқандай көмек көрмедік дейді Айғаным. Бірақ, тракторшы Анатолийдің бұған өз айтары бар.
«Мен оларға көмек ұсындым. Өздері бас тартты. Толық айығып кеткенше ай сайын 50 мың теңге төлеп тұруға дайын болғанмын», – дейді Анатолий.
Бұл іс бойынша прокуратураға да, әкімдікке де бірнеше мәрте хат жолдаған Айғаным мардымды жауап ала алмағанын айтады. Тіпті тергеуші де істі жалғастыруға құлықсыз дейді. Ал трактор иесі болса, жауапкершіліктен құтылғысы келді ме, әлде басқа себептер болды ма, әйтеуір көлігін сатып жіберді дейді Айғаным.
Оқи отырыңыз:
Көкшетауда 4 баланың анасы үйін жынойнаққа айналдырып, балаларын тастап кетті
Қарағандыда немересін бауыздап өлтірген кісінің туыстары оның бостандыққа шыққанын қалайды
Павлодарда моншаға барған жасөспірімдер ауруханадан бір-ақ шықты