Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық белгілі актер есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды

Желіде Көкшетау қаласында актер Мәди Жолбасаров синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: egov.press

Мәліметтерге сәйкес, тінту кезінде одан 4500 доза тәркіленді.



Аталған ақпаратқа қатысты Stan.kz Ішкі істер министрлігінен жағдайдың мән-жайын сұрап білді. 

“Полицейлер есірткіні байланыссыз сатты деген күдікпен Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады. Ұсталған азаматтың жалдамалы пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1,5 келі болатын электронды таразылар, орау жабдықтары және синтетикалық есірткі – мефедрон және alfa-PVP тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік мәліметінше, күдіктінің телефонын тексеру кезінде бетбелгі сайттарының координаттары анықталды.

“Бұл күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің ауқымын көрсетеді. Соның салдарынан ол 4500 доза есірткі затын сата алмаған. Ұсталған азамат есірткі тасымалымен қатар, шығармашылықпен де айналысқан. Ол бірқатар қазақ телехикаяларында эпизодтық рөлдерді сомдаған. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда есірткіні жасырып кетушілерге қатысты жаза жеңілдетілетіні туралы жазған едік. 

Талқылау