Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 20 жастағы бойжеткен 100 мың теңгеге такси жүргізушісіне сатылған

Көкшетауда 20 жастағы қыз 100 мың теңгеге сатылған. Атбасардан Көкшетауға келген бойжеткен вокзал ішінде отырған жігіттен жұмыс тауып беруін өтінген.

26411

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Осы сәтті пайдаланған 22 жастағы азамат аруды такси жүргізушісіне сатып жіберген.

Сондай-ақ, дәл осы күні адам саудасына байланысты тағы бір дерек тіркелген. 1979 жылғы әйел сауналардың бірінде 25 жастағы азаматшаға күш қолданып, қорқытып, бопсалау арқылы жезөкшелекпен айналысуға мәжбүрлегені анықталды.

“100 мың теңгеге сатылғанын білгеннен кейін қыз полиция бөліміне арызданған. Жедел іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде қызды сатқан Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Дәйек заттар тәркіленді. Оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал, жеңгетайлықпен айналысқан әйелге 3 жылға дейін еркінен айыру жазасы тағайындалуы мүмкін”, – дейді Ақмола облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел өкілі Ержан Қабылбекова.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында 7-сынып оқушысы сабақ үстінде ішімдік ішіп мас болып қалған

Шымкентте туып Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді

Эксперимент: Тұрғындар сәбиін көшеге тастап кеткен бойжеткенді көргенде не істеді? (видео)

Талқылау