Көкшетауда намаз оқып жатқан тұрғынды көршісі тонап кеткен
Көкшетауда 64 жастағы зейнеткер намаз оқып жатқан сәтінде ұрлықтың құрбаны болды. Үй иесінің туысы абайсызда үйдің есігін ашық қалдырған. Соны пайдаланған ұрлықшы кіреберісте тұрған сөмкесінен әмиянын ұрлап кеткен. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Ол өтініш берушінің 61 жастағы көршісі болып шықты. Ұрлық болған күні жәбірленушінің туыстарының бірі абайсыздан кіреберіс есікті ашық қалдырған, сол кезде зейнеткердің өзі намаз оқып жатқан.
Қаскүнем ашық есікті байқап, біреудің пәтеріне кіріп, кіреберістегі сөмкесінен ұрлық жасады. Тексеру барысында күдіктіден ұрланған әмиян мен жәбірленушіге тиесілі банк карталары тәркіленді", – деп хабарланды полициядан.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 187-бабы ("Ұсақ ұрлық") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді қозғау туралы мәселе қарастырылуда.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады