Арон Атабек жансақтау бөліміне түсті
Түрмеден босап шыққан Арон Атабек жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Азаттық радиосына оның туыстары хабарлаған.
Олардың сөзіне қарағанда, Атабектің жағдайы өткен аптаның соңында нашарлаған. Ол тамақ іше алмайды.
Айта кетейік, Павлодар соты 1 қазаннан бастап Арон Атабектің жазасын түрмеден бостандығын шектеуге ауыстырды. Ақын әрі диссиденттің денсаулық жағдайына байланысты сот осындай шешім қабылдады.
Арон Атабек 2006 жылы Алматыдағы Шаңырақ ықшамауданындағы тәртіп сақшысының өлімі мен жаппай тәртіпсіздіктер үшін 18 жылға сотталған еді.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі