Көкшетау қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Көкшетау қаласының жаңа әкімі болып Әнуар Күмпекеев тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа әкім Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімімен және қалалық мәслихаттың келісімімен сайланды.
“Мәселелерді шешу және жаңа жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан сізден жедел шешім қабылдау ғана емес, ең бастысы тиімді шаралар жасауды да күтеміз”, - деді облыс әкімі.
Марат Ахметжанов жаңа әкімге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және құрылыс салаларындағы мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс күтіп тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда қала әкімі үшін бірінші кезектегі міндет жылыту маусымынан өту және қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету екенін алға тартты.
Өңір басшысы қаланы электрмен жабдықтау тапшылығы мен сенімділігін арттыру мәселесін шешу үшін жоспарланған жобаларды уақтылы іске асыруды және тұрғын үй құрылысы мен сатып алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, биылғы жылы облыс орталығы ретінде Көкшетау қаласына ерекше назар аударылатын болады.
Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "экономика бакалавры" біліктілігі бойынша бітірген. 2007 жылы Ұлыбританиядағы Брэдфорд университетінде Экономикалық саясат магистрі дәрежесін алды. "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі.
Еңбек жолын 2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді