Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоқыс үйіндісі, көгеріп кеткен ыдыс-аяқтар: Алматыдағы мектеп асханасы ата-аналарды шошытты

мектеп асханасы

Видеодан скриншот

Алматыдағы №65 мектеп-гимназиясы оқушыларының ата-аналары мектеп асханасындағы антисанитариялық жағдайға шағымданды. Қалалық білім бөлімінің қызметкерлері мектепте тексеріс жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ата-ана мектеп асханасынан лас ыдыс-аяқтарды, қабырғалардағы көгеру мен қоқыс төгілген видео мен фотоларды жариялады.

"Азық-түлік элеваторына ерекше назар аудару керек — оны мақсатты пайдаланудың орнына қоқыс үйіндісіне айналдырған. Оның астында қалдық тамақтар жатыр, маңайында көгерген ыдыс-аяқтар және басқа да айқын антисанитариялық жағдайдың белгілері бар", – деп жазды автор.

Ата-аналар прокуратура мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабарласып, мектеп асханасын басқаратын жеке кәсіпкердің қызметін тексеруді сұраған.

Алматы қалалық білім басқармасы ашуға булыққан ата-аналарға жауап берді.

"№65 мектеп-гимназиясының директоры мектептегі ішкі бақылауды әлсіреткені үшін Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ білім бөлімі бұл мәселе бойынша аудандық санэпидстанцияға хабарланғанын, жеткізушіге тиісті шара қолданылатынын түсіндірді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 11:53
Талқылау