Қылмыскерлер семейлік жігітті “көгілдір” екенін елге жариялаймыз деп бопсалаған
Айыптылар әлеуметтік желі арқылы жас қала тұрғынымен танысып, азаматтан ақша бопсалаған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Семей тұрғындары ер азаматты тонап, оның “көгілдір” екенін жұртқа жариялаймыз деп қорқытып, бопсалаған.
Айыпталушылардың бірі жәбірленушіге тұзақ құрғанын мойындады. Ол азаматтың телефонынан кәмілеттік жасқа толмаған баламен әңгімесін оқып қойғандығын айтып, бопсалаған, деп хабарлады YK-news.kz.
Семей тұрғыны Дамир (есімі өзгертілді) танысу сайты арқылы К. Есімді бозбаламен танысқан. Сот құжаттырына сәйкес, Дамир жаңа танысына «ерсі ұсыныс» жасап, кездесуге шақырған. Жастар кешкі уақытта жағалауда кездесуге уәделескен.
Жаңа «достар» өзен жағалауында біраз уақыт әңгіме-дүкен құрған. Одан кейін К. көпірдің астынан өтуге ұсыныс білдірген. Жігіттер көпірдің астында әңгімелерін жалғастырған. Алайда олардың тілдесуі ұзаққа созылмады. Себебі кенеттен бір бұрыштан екі жігіт жүгіріп шыққан. Ғаламтордан «махаббат» іздеген қала тұрғынын жігіттер соққыға жыққан. Дәлірек айтқанда, ішінен ұрып, ақша талап еткен. Аталмыш оқиғаға К. да белсенді түрде араласқан. Ал жәбірленуші «сезімнің» алдамшы болғанын түсінді.
Өмірі үшін қорыққан жігіт әлгілердің шарттарына көніп, қалтасындағы барын берген. Одан әрі тонаушылар одан 50 мың теңге талап етеді. Төлемеген жағдайда, оның көгілдір екенін барша жұртқа жайып салатынын айтып, бопсалайды. Ондай сома жоқ екенін айтқан жігіт өзіне уақыт беруін өтінеді. Ал жігіттер ақшаның орнына үй техникасынан бірдеңе беруді ұсынып, ақырында ноутбукқа келіседі. Қылмыскерлер үштігі өз құрбанын үйіне дейін жеткізіп салады. Ал үйіне кіре салысымен, есікті құлыптап қойған жас жігіт тез арада полицияға хабар берген.
Екі күдікті қолға түсті. Ал үшіншісі туралы ешбір мәлімет жоқ.
Сот жабық режімде өтті. Айыпталушылардың бірі – әлгі К. – Дамирді тонағысы келмегенін айтты. Сондай-ақ, ол Дамирдің ер балаларға деген ерсі қызығушылығы бар екенін сот залында айтып берді. Айтуынша, ол Дамирдің телефонынан жәбірленушінің кәмілеттік жасқа толмаған жігітпен әңгімесін оқыған. Сотталушылардың нұсқасы бойынша, жігіттер Дамирден ақша талап етпеген. Тек оның сексуалдық бейімділігі туралы ата-анасына айтып бармақшы болған. Бірақ, олардың бұл айтқаны дәлелденбеді.
Ал сот ауыпталушылардың жазасын жеңілдетудің мынадай себептерін атады: айыпталушылар жәбірленушіге моральдық өтем төлеген, одан бөлек, олардың біреуінің балалары бар. Сонымен қатар, сот жәбірленуші ерсі ұсынысымен қылмыскерлерге себеп тауып бергенін атап өтті. Айыпталушылардың әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Айыпкерлер сот залында босаылды. Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ-та әкесі ұлын «көгілдір» болғаны үшін өлтірді
«Көгілдірлер көжесі» әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды
Транссексуал кейпінде жасалған торт үшін қолданушылар кондитерлерді сынның астына алды
Алматы облысында жас сарбазды соққыға жығып, өлтірген екі азамат сотталды