АҚШ-та әкесі ұлын «көгілдір» болғаны үшін өлтірді
Лос-Анжелесте өзінің 29 жастағы ұлын сексуалды көзқарасы басқа болғаны үшін өлтірген деп күдіктелген ер адам ұсталды.

Амир Исса есімді азаматтың мылтықпен өлтірілген денесі өлі күйінде табылған. Оның өліміне күдікті ретінде 69 жастағы Шехада Исса есімді ер адам қамалды. Құқық қорғау органдары оны әйелі Рабиха Иссаның да өліміне күдікті ретінде алып, оның бұл іске қаншалықты қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Әйел пышақпен жарақаттап өлтірілген.
Тергеушілер Амирдің өліміне оның гомосексуалист болғанын себепкерлік еткен. Шехада Исса осы үшін ұлын талай рет өлтірмек болып қорқытқан екен.
Енді ер адамды өмір бойы түрмеде отыру жазасы күтіп тұр.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды