"Қоғамға қарсы мінез-құлық, самокаттарды бақылау": Тоқаев әкімшілік кодексте бірнеше өзгеріске қол қойылды

Фото: pixabay.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" жаңа заңға қол қойып, қоғамдық тәртіпті сақтау мен балаларды қорғау шараларын күшейтті. Енді "қоғамға қарсы мінез-құлық" ұғымы заңмен бекітілді, ал электр самокаттарын қолдану тәртібі мен жол қауіпсіздігіне де нақты талаптар қойылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заңына және кейбір заңнамалық актілерге, соның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне (ӘҚБК) түзетулер енгізіп, қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа құжат бірнеше заңды біріктіріп, құқықтық салаға "қоғамға қарсы мінез-құлық" ұғымын енгізеді. Қоғамға қарсы мінез-құлық – бұл қоғамдық стандарттар мен әлеуметтік нормаларды теріс қабылдау, қоғамға және оның құндылықтарына қарсы бағытталған әрекеттерде көрінетін мінез-құлық.
Заң балаларды қорғау, азаматтардың мінез-құлқын реттеу және электр самокаттарын пайдалану тәртібін бақылау шараларын қарастырады. Бірінші рет ұлттық деңгейде қоғамдық қауіпсіздік жай-күйі туралы есеп дайындалады.
Полицияның ерікті көмекшілеріне күш қолдануға рұқсат етіледі
Жаңа заң қоғамдық көмекшілердің өкілеттігін кеңейтті. Олар полицияның бақылауымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге (жаппай іс-шаралар кезінде), жоғалған адамдарды іздеуге, оқиға орнын күзетуге, қылмыстарды ашуға жәрдемдеседі. Қажет болған жағдайда құқықбұзушылықтың жолын кесу немесе адамды ұстау үшін шамадан тыс күш қолданбай, физикалық күш пен өзге де шараларды қолдана алады.
Сонымен қатар оларға полицияның арнайы құралдарын пайдалануға және әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға күш қолдануға тыйым салынады (қарулы немесе топтық зорлық-зомбылық шабуылы жағдайларынан басқа).
Көмекші болу үшін полицияға өтініш беріледі: полиция есептер бойынша тексеріп, әкімдікке жолдайды. Әкімдік 7 жұмыс күні ішінде адамды тіркеп, есепке қояды.
Кәмелетке толмағандар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан адамдар, профилактикалық, наркологиялық немесе психоневрологиялық есепте тұрғандар және өзге де бірқатар санаттар қабылданбайды. Қатысу, мысалы, өтініш бойынша, қылмыстық қудалау басталғанда немесе қасақана құқықбұзушылық үшін жаза қолданылғанда тоқтатылады.
Заңда сондай-ақ ынталандыру түрлері (ақшалай сыйақыға дейін) көзделген, олар бойынша шешімді әкімдік қабылдайды.
Профилактика жүйесі үш деңгейлі болады:
- Жалпы шаралар – құқық бұзушылық себептерін жою және мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
- Жеке шаралар – әңгімелесу, ескерту, жақындауға тыйым салу, әкімшілік айыппұл, қиын жағдайдағы адамдар мен отбасыларды есепке алу, қорғау шаралары;
- Арнайы шаралар – белгілі құқық бұзушылық түрлерін болдырмау және олардың себептерін жою.
Сонымен қатар, құжат тұрмыстық зорлық-зомбылықты, рецидивтерді, мас күйінде құқық бұзушылық жасауды, экономикалық құқық бұзушылықтарды, балалардың қараусыз қалуын және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алуды қарастырады.
Заңда жол қауіпсіздігі мен балалар құқығын қорғау нормалары да бекітілген:
облыс, республикалық мәні бар қалалар мен астананың әкімдері балалар құқықтарын қорғау үшін өңірлік органдар құра алады. Қызметкерлерге ресми статус беріледі және белгіленген форманы кию құқығы беріледі;
Электросамокаттар
Қабылданған құжатқа сәйкес:
-
электросамокаттар ресми түрде көлік құралдары деп танылды;
-
оларды басқару үшін міндетті сақтандыру енгізіледі;
-
әрбір электросамокатта тіркеу нөмірі болуы тиіс (оны шеринг компаниялары немесе самокат иелері орнатады);
-
электросамокатты басқару үшін жүргізушінің жасы кемінде 18-де болуы қажет;
-
жолдың жүру бөлігінде қозғалу үшін жүргізуші куәлігі міндетті (ал саябақтарда, веложолдарда жүру үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді).
Сонымен қатар, енді шеринг компаниялары жалға алушылардың электросамокаттарды қай жерге қалдыратынын, әсіресе тротуарларда тастап кету жағдайларын бақылауға міндетті. Сондай-ақ әрбір самокатқа қозғалыс жылдамдығын өлшейтін құрылғы орнатуы керек.
Ережелерді бұзғаны үшін орта бизнес субъектілеріне 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады, ал қайталап бұзған жағдайда – 40 АЕК (2026 жылы 173 000 теңге).
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған