Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсендісі Төреғалиді қорғаған Бүркітке ұрсып тастады

Төреғалидің Павлодар сахнасындағы ерсі әрекеті Қазнетті дүр сілкіндірді. Әнші елді шулатқан әрекетін түсіндіріп, кешірім сұраса да, оның атына жазылып жатқан жағымсыз пікірлер толастар емес. Төреғалиді былай қойғанда, оны жақтап, кешіріммен қарауды өтінген әртістер де сынға ұшырауда, деп хабарлайды Stan.kz.

Желі белсендісі Айдар Қырықбай Төреғалиді жақтап сөйлеген Бүркітті сынап тастады.

“Бүркіт мырза! Сіз халыққа ақыл айтатын кімсіз? Өтірікші, халықты алдап жүргендердің бірісіз. Шетелден әндер ұрлап, халықты ақымақ санап жүрген… Сізге айтарым, құйысқанға қыстырылған ұқсамай тыныш жүріңіз. Бүркіт мырза, егер де Павлодардағы атаның орнында сіздің әке-шешеңіз болса, не істер едіңіз?” – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетсек, Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концертінде сахна төрінде тұрып қарияға ұрысып, залдан қуған еді.

Мұнан кейін Ұлы дала баласын өнердегі әріптестері Меруерт Түсіпбаева, “Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов пен әншінің жерлестері сынап, оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ал әнші Бүркіт Төреғалиге қолдау білдіріп, араша түскен еді.

Артынан мәскеленің ушығып бара жатқанын аңдаған Төреғалидің өзі халықтан кешірім сұрады.

Жіберіп алмаңыз:

Бір топ жігіт ақша үшін шешінген қазақ қыздарының масқарасын шығарды (видео)

Құмар Лұқманов КВН-нің ең жоғарғы үш марапатын көрсетті

Қайнар Алагөзов Төреғалиді сынағандарға өлеңмен жауап берді

Қарияны залдан қуғаннан кейін басы дауға қалған Төреғалиге әнші Бүркіт араша түсті

Әнші Бағлан Әбдірайымов басы дауға қалған Төреғали Төреәліні сын астына алды

Талқылау